ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ЖЫЛДЫ АТАП ӨТТІ

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ЖЫЛДЫ АТАП ӨТТІ

Облыстық Полиция департаментінің басшылығы Талдықорған қаласындағы кадет сыныбының тәлім алушыларын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Салтанатты шара Б. Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінде өтті. 

Оған аталмыш мектеп пен №14 мектеп-гимназиясының кадеттері, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты. Тәртіп сақшылары «оқушы-әріптестерін» жаңа жылдарымен құттықтап, полиция генерал-майоры М. Ұрұмхановтың атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер тарту етті. Шара соңында кадеттер ән мен күйден шашу шашты.

- «Жас полиция» жобасы барысында ашылған кадеттер сыныбы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Тәртіп сақшыларымен бірге жұмыс атқарып, өзге оқушыларға үлгі көрсетуде. ҚР Ішкі істер министрі биыл біздің оқушыларды қабылдап, кадет қозғалысына оң пікірін білдірді және тәлім алушылардың дағдысы мен дайындығына өте жоғары баға берді, - деп атап өтті полиция өкілдері.

Айта кетейік, Алматы облысында негізі қаланған «Жас полиция» кадет қозғалысы сұранысқа сәйкес даму үстінде. Қазіргі таңда төрт жалпы білім беретін мектепте 5 кадет сыныбы жұмыс жасайды. Пилоттық жоба ретінде алғашқы кадет сыныбы былтыр Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінде ашылды. Полициялық бағытты ұстанған алғашқы кадет сыныбын ашу идеясын, кейіннен «Жас полиция» жобасын одан әрі дамытуға облыс әкімі Амандық Баталов қолдау көрсетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз