ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША НЕШІНШІ ОРЫНДА ТҰРМЫЗ?

ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША НЕШІНШІ ОРЫНДА ТҰРМЫЗ?

Жемқорлық – халықаралық масштабтағы қоғамдық індет. Сол себепті жемқорлықпен күресу күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақтан Республикасының Президенті жариялаған жемқорлықпен табанды және ымырасыз күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады.

Қазіргі кезде еліміз «Transparency International» халықаралық рейтингтік ұйымының «Жемқорлықты қабылдау индексі» бойынша 122-орында тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 13 қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерін қарастыру міндеттеліп, іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Бұл кезекте сыбайлас жемқорлықтың көріністерін түп-тамырымен жою алгоритмі – маңызды  бағдарламалық құжат болып табылатын Елбасымыздың 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұзақмерзімді Стратегиясында көрсетілген.

Өркендеуші мемлекетіміз жемқорлыққа қарсы заңды бірінші болып қабылдап, халықаралық конвенцияға кірген кезден бастап алдын алу мақсаттарын жоспарлаған. Алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында ҚР Президентінің 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  қабылданып, ҚР Әкімшілік кодексі, ҚР Қылмыстық кодексінің 228, 231, 308, 311 баптарын негізге алу алға қойылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық үлгісі – заң үстемдігіне, ашықтыққа, айқындыққа, есеп берушілікке негізделген мемлекеттік қызметті, құқық қорғау мен сот жүйелерін жаңғырту арқылы мемлекеттік биліктің барлық вертикалды жүйесін жүйелі реформалауға бағытталған.

«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» демекші, Іле ауданы, Боралдай кентінде жыл басынан Елбасы Стратегиясын іске асыру аясында денсаулық сақтау, білім беру, әскери бөлім мекемелерінде жоспарға сай дөңгелек үстелдер, кездесу жиындары, акциялар өткізілді. Оқушылар арасында «Жемқорлықсыз жарқын болашақ», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» сияқты тақырыптарда сурет, видео жарыстар өткізіліп, үздіктер марапатталды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасасақ, жемқорлыққа қарсы күресте әрбір тұлға заң мен сот алдындағы теңдігін біліп, сөз бостандығының бар екендігін ескере отырып, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай білсе, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың зиянды зардаптарын жоюға, олардың алдын алуға және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу жайын қамтып отырса, жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ міндет екендігін түсіне білсе, парақорлықты түбегейлі тоқтатанымызға бек сенімдімін.

М. НҰРМҰХАМБЕТОВА,

Боралдай кенті әкімі аппаратының

заңгер-бас маманы

Іле ауданы

Оқи отырыңыз