"СИТИ-ПЛЮСТЕ" 50 ДОМБЫРАШЫ КҮЙ ТӨКТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуына орай Талдықорған қаласындағы «Сити Плюс» ойын-сауық және сауда кешенінде қазақтың қара домбырасынан күй төгіліп, келген қонақтар Ұлы дала сазымен сусындады.

Шараны ұйымдастырған - Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерпаздары. Мектеп жанынан құрылған қауымдастық «Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флэш-мобын ұсынды. Қонақтардың құлақ құрышын қандырып, қазақ ұлтының мәңгілік сарынымен қауыштырған шараға 50 домбырашы қатысты. Оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар Құрманғазының күйлерін, халық және шетел әндеріненен попурри орындады. Аталмыш флэш-мобты төртінші жыл қатарынан еліміздегі 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі әр аймақта ұйымдастырып келеді. Шараның жастарға, мектеп оқушыларына берер тағылымы зор.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз