ТАРИХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ

ТАРИХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ

Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бастайтын  «Ұлы Даланың жеті қыры» атты  мақаласында ұлтымыздың рухани мұрасын әлемге таныту  сияқты маңызды мәселелермен бірге оларды жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген. «Ұлы Дала» ұғымы бүгінде Қазақстанның ұлттық кодына айналды десек те болады.

Мақаланың астарында Ұлы Даланың тарихына қатысты терең көзқарас жатыр. Осыған орай «Тарихи сананы жаңғырту» жобасындағы «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасы нақтыланып, қолданысқа енгізілсе алыс-жақын шетелдердің архивтерінде сақтауда тұрған ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін тарихи тың материалдарды  іздеу-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туатынын айта кеткеніміз жөн.
Осы уақытқа дейін Алматы облысының тарихына қатысты құжаттар шетелдерде зерттеліп келді. Оны елге қайтару жұмыстары біраз уақыт тоқтап қалған болатын. Енді  Елбасының осы мақаласы сол жұмысты қайта  жалғастыруға  үлкен серпін берері сөзсіз.
Елбасы осы жолдағы  жаңа бағыттарды анықтай отырып, оларды орындауда заманауи технологиялар мен ғылымның соңғы жетістіктерін молынан пайдалануға назар аударған. Соның негізінде, архив құжаттарын зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажеттігі туралы да айтылды. Осы тұрғыда Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның қалалық, аудандық    18 филиалына Электронды архив құру үшін керекті  жабдықтар алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қоймаларда  сақтауда тұрған құнды құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын  2019 жылы  жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

А. КАРИМЖАНОВА,
облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы

Оқи отырыңыз