Қош келдің, Рамазан!

Қош келдің, Рамазан!

Әлемдерді ешбір кемшіліксіз жаратқан Аллаға сансыз ма­дақ жаудырған, «Құдайсыз құрай басы сынбайды», – деп тәмсілдеп өткен елміз. Тарих­қа бойласақ, қылышсыз ислам дінін қабылдаған халық екенімізді ұғынамыз. Еш қарсы­лықсыз құбылаға бет бұрсақ, ол Алаштың кемең­гер екендігін көрсе­теді. Сол ата дінімізді берік ұста­нып, сан ғасырдан бері шариғат жолын мінсіз бағдар етіп өмір кешіп келеміз. Сондықтан да мұсылман халық­тарының жыл он екі ай асыға күткен құлшылық айын «Қош келдің, Рамазан», – деп қарсы алғалы отырмыз. Жылдарға жылдар алмасып, құлшылы­ғымыз жалғасып, ұлық мерекеге есен жеткенімізге сансыз шүкір.

Кеудесі кең, қопара білсек, өмірлік қазынасын жайып са­лар қарттарымыздың сағыныш­пен күтер мерекесі маусым айы­­ның 6-жұлдызында Ал­ла­ның қалауымен іргемізден атта­мақ. Мың айдан да қайырлы бір түні бар Рамазан – жаратқанға жақындатар, рухани байытып, кү­нә атаулыдан тазар­тар, өмі­рі­мізді нұрландырар, ал­дағы қиын­шылықтардан ада етіп, ба­қытқа толы күндерге жол ашар  мезгіл. Сондықтан да, баба өмі­рін бағдар еткен ұрпақ ре­тін­де, біз де құлшылық етуден қалыс қал­масақ, нұр үстіне нұр бол­мақ.

Негізінде, ораза парсы тілі­нен енген сөз, араб тілінде «саум» делінеді. Саум –  бір нәр­седен алшақ тұру, адамның өз-өзін ұс­тауы дегенге келеді. Ораза құл­шылығының шари­ғат­тық ма­ғы­насы – таң намазы­ның уақыты кір­геннен бастап, күн батқанға дейін Алла риза­шылығы үшін тамақ ішіп-жеу­ден, жыныстық қатынастардан  тыйылу. Яғни, адам баласына күнә болып жабы­сатын дү­ние­лер­ден бойды аулақ ұстап, нәп­сіні жуасытып, тәрбиеге көн­ді­ретін ай десек те бо­ла­ды. ¤йт­кені пенденің пендешілігін көр­сетіп, маң­дайын тасқа ұратын мінезді іргемізден аттағалы тұрған айда түзеуге мүмкіндік мол. Себебі, тозақтың жеті есігі жа­былып, шайтанның шын­жырланатын мезгілінде, мұ­сыл­мандарға арман болған сегіз пейіштің есігі айқара ашылған шақта ораза ұстау­дың пайдасы шаш етектен. Қос өмірдің абат­тылығы осы бір ораза құл­шылығына бай­ла­ныс­ты десек те болатындай. Ал оның сауабы жайлы мы­на бір хадистен аң­ға­ру­ға болады. Әбу Хұрай­р­а­ның айтуы бойынша Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла тағала былай деп бұйыр­ды: Адам бала­сы­ның әр ама­лы өзі үшін. Ал ора­за бұдан бөлек. Оның қары­мын ¤зім ғана беремін. ¤йткені ол ішіп-жеуден, нәпсі қа­лау­ларынан Мен үшін тыйы­ла­ды. Ораза ұстаушы­ның екі қуанышы бар: біреуі – ауыз­ашар, екіншісі – Алла таға­ла­ға қауышқан сәті. Алла үшін ора­за ұстаушының аузының иісі мис­к­тің жұпар исінен де жа­ғы­м­ды», – деген. Яғни, ораза тұ­тушыларға Жаратқан иеміз өзі сый әзірлеп отыр. Ораза не­гізінен рия ең аз ара­ласатын құл­шылық болған­дықтан, оның сауабы да ерекше. Ол үшін Ал­ла ризашылығын алу­ды ғана аң­сап, шынайы ниетпен ұстай біл­сек жеткілікті.

Күллі адамзатты ізгілікке тү­сіріп, жол басшы болған Пай­ға­м­барымызға (с.ғ.с) Жәбірейіл (ғ.с) арқылы Құран түсе бас­та­ған кез осы Рамазан айы.  Бұл ай­да мың түннен де қайырлы Қадір түні бары да мұсылман қауымға бел­гілі. Ол түнді құл­шылықпен өткер­ген әр пен­де­сіне Алланың шексіз рахымы жауып, өмірі нұрланады де­лін­ген. Осының өзінен Тәңірі­міз­дің тура жолға түсіңдер деп пен­десіне жасаған үлкен сыйы екенін ұғынамыз. Ананың ба­лаға деген ма­хаббаты Алланың адамға де­ген сезімінің қасында түкке тұр­ғысыз екенін де ша­ри­ғат жолы­нан біліп, ұғынып келеміз. Ал жән­нат қақпасы ашылып, Қадір түнін пенде­сі­нің рухани тазаруы, кемел­дене түсуі үшін нығымет еткенінің өзі Жаратқанның шексіз мейі­рімін аңғартады.

Қасиетті Құран сөзімен сөй­лер болсақ: «Рамазан айы – адам­затқа жолбастаушы ћәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның аражігін ажы­рататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран тү­се бастаған ерекше ай. Ара­ла­рың­да кімде-кім Рамазан айы­на аман-есен жетсе, ауыз бе­кіт­сін. Ал кім науқас болып не­месе сапарда жүріп ораза ұс­тамаса, қаза болған күндерін бас­қа уақытта ұстасын. Шы­нында, Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауыртпалық артқы­сы келмейді. Оразаны толық­тырған­дарыңды (ұстай алма­ған күндеріңнің қаза­сын өте­гендеріңді) және сен­дер­ді тура жолға салғаны үшін Алла­ны ұлықтауларыңды қалайды. Шү­­кіршілік етерсіңдер», – дей­ді ¦лы  Раббымыз қасиетті Ба­қара сүре­сінің 185-аятында. «Шү­кіршілік етерсіңдер» де­ге­ні­нің өзі ойланған адамға әлем­дер­дің өз құзырында ұстаған Раббымыздың кішірейгенін көрсететіндей. Әйтпесе, он сегіз мың ғаламды, күллі тіршілік атау­лыны жаратқан Алламыз ақыл иесі болған адамға бұйыра сөйлеп, тә­кап­парлық көрсетсе де жара­сатын еді. ¤йткені ол әлемдердің пат­ша­сы, жоқтан бар еткен, қайта жоқ қылуға да құдіреті жетер хақ.

Сол мейірімге қашанда зәру­міз, мұқтажбыз. Егер Жаратушы ие­міз ерекше мейірімді болма­ғанда жер басып жүруден қалар едік-ау. ¤йткені қазіргі қоғамдағы адам естімеген құйтырқы әре­кет­тер пайда болып, өршіп тұрған ша­ғында бірдің зардабы мыңға тиер еді. Ал ақыреттегі тірлігіміз бас­қаша. Әркім өз есебімен әуре бол­мақ. Сондықтан да, қандай да ке­леңсіз жағдайлар орын алып жат­са да, бұл күні төрімізден аттай ал­май, лағынеттің жұмысы тоқтап,  ты­­ныштықтың құшағында тер­бей­тін шақ. Бұл күні адамзаттың, оның ішінде ораза тұтқан мұсыл­ман­дар­дың жүзі нұрланып, ақыл жетпеген ләззатқа бөленбек. Күнә атаулыға бастар жолдан, жағымсыз әрекет­тер­ден тиылғандықтан да, құдды бір періштедей сезініп, жүрісің жеңілдеп, қадамың батыл болып, жан сарайың ашылмақ. Бұны ұлық мерекені құлшылықпен өткеріп келе жатқан бауырларымыз жақсы біліп, сезініп келеді десек, артық айтқандық болмас.

Жалпы әр адам өзін мұсыл­ман­мын деп біледі. Алайда, «жүре­гінің түбіне терең бойлап», шариғи шартқа сай әрекет етіп, ислам құн­дылықтарын қаншалықты біліп жүр деген заңды сұраққа көп мән бере бермейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ислам мына бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және қажыға баруы», – деп ашып көрсеткен. Сондықтан да, адамзаттың асылы айтып кеткен парыздардың бірін өтеп қалатын уақыт жылына бір сағындырып келеді. Осы айды құр жібермей, сансыз сауаптың иесі бола білсек қой, шіркін...

Иә, кейде пенделікке салынып дүние тіршілігімізге көп мойын бұрып кетеміз. Алайда, қасиетті бұл ай жылына бір келетінін естен шығармағанымыз абзал. Ал келесі келер Рамазанға дейін кім бар, кім жоқ? Биылғы аптап ыстыққа тура келген оразаны ойлап қиналып жүрген жандар да бар шығар. Күннің ұзақтығына шыдай алар ма екенмін дейтіндер болса, «Алла адамға көтере алмайтын жүк артып, қолынан келмейтін істі жүктемейді» деген Құран сөзін есіне түсіргені абзалырақ. Шын мәнінде күннің ыстығын ойлап қобалжып жүрген жандар болса, «Тағылым тамшылары» кітабында көрсетілген мына бір оқиғаны еске түсірсе екен дегім келеді. «Нө­кер­лерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көреді. Дастарқан жайылғанда Хажжаж:

– Маңайға қараңдаршы, жағ­дайы нашар біреу-міреу кезіксе ша­қырыңдар, астан ауыз тисін, – де­ді. Нөкерлер үстіне ілінген ескі ша­паны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып, ертіп ке­леді.

Хажжаж оған: – Кел, бірге та­мақ­танайық, – деді. Ол «же­меймін» деп астан бас тартады. Хажжаж себебін сұрағанда «мені бұдан да артық дастарқан күтіп тұр», – деген жауап алады.

Хажжаж ол қандай дастарқан дегенде:

– Алла тағалаға қонақ болуға шықырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді. Сонда Хажжаж:

– Мынандай ми қайнайтын уа­қытта қайтіп ауыз бекітіп жүр­сің? – деп таңырқағанда, ол:

–  «Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап береді». Осы бір оқи­ғаның өзі шын түсінген адам­ға қанат бі­ті­ретін, има­ни ахуалын жо­ға­ры­ла­татын ғибратты дүние.

Ораза – қалқан. Адам баласының пәк табиғатын кірлетіп, күстаналап кете­тін күнә болса, одан қор­ғай­тын ораза құлшы­лығы екені белгілі. Сон­дықтан да, дін ғалым­дары қал­қан деп сый­пат­тайды. ¤йткені адам бойын­дағы күнә­ға қарсы тұру қабі­ле­тін арттырып, има­­нын кү­шей­тіп, көз, тіл се­кілді біліп-білмей зиян­ға ұшы­ратар мү­­ше­ле­рі­мізді ты­ныш­тандыруға мол мүм­кіншілік ту­дыр­мақ. Бірақ ораза­ның осы қасиетін бі­ле тұра адам өзі әре­­кет ет­песе, яғ­ни нәпсісін тәр­бие­леп, көркем мі­незді бо­луға тал­­­пынбаса, «та­­­қыр-таз қал­­пыма қайта түс­тім» де­­гендей, өзге­ріс­сіз өмір сүре бер­мек. Ал ора­за тұтқан адам кем­шілік­терге бой ал­дырмауға, жа­ғым­сыз әрекет­терден аулақ жү­ру­ге тырыспаса құлшылығының құны дүдәмал болмақ. Бұл жайлы пай­ғамбар­лардың сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім аузы берік ке­зін­де өтірік айтып, жаман нәрсе­лер­ден бас тартпаса, біліп қойсын, Алла таға­ла оның тек қана ішіп-жеуін доға­руына мұқтаж емес», – деп ес­кер­тіп кеткен. Бұның өзі түсінген адамға талай нәрсені аңғар­та­тындай. ¤йткені ораза жай ғана тамақтан тыйылып, ашығу емес. Кімде-кім тек қана асқазанға ас апармауды ораза тұту деп, дүние-тіршіліктегі бос сөздер мен кіші­гірім күнәларды елемей сәре­сіден ақшамға дейін ел қатарлы аузым берік деп күнелтетін болса, Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, «Алланың ашыққан құлға мұқтаж емес» екенін есіне алғаны жөн деп білеміз.

Жалпы Рамазан айында ауыз бекіту парыз. Ал оны мойын­да­маған адам діннен шығып кететіні «Ислам ғылымхалы» атты бірқатар кітаптарда жазылған. Бұдан асқан қорқынышты дүние болмас. Дінім – ислам, кітабым – Құран, өзім мұ­сылманмын деп жүргенде, Алла­ның парыз еткен амалын мойын­дамау арқылы бабалар жүрген жолдан қиыс кетіп, Пайғамбардың (с.ғ.с.) үмітті үмбеті қатарынан та­был­маудан құдай сақтасын. Ал егер оразаның парыз екенін мойын­­­дап, бірақ жалқаулықпен немесе басқа бір оймен орын­дамаса діннен шықпайды, бірақ күнәћар болып саналды. Мынау бескүндік жалғанда күнә арқалап өткеннің өзі мұсылманшылыққа жат қылық. Сондықтан да, айбын­ды елдің, айбарлы бабалардың, ақ жол­дан айнымай өткен дана­лар­дың ұрпағы ретінде алдағы келе жатқан Рамазан айын «қош кел­дің!» деп қарсы алып, қатари-халіміздің жеткенінше құлшылық жасауға асығайық.

Асыл Сұлтанғазы

Жыр-арнау

Ораза тұтам

 

Ораза тұтам, асыға күткем бұл айды,

Рамазанның әр күні нұрлы, шырайлы.

Арылам енді пенделіктерден бойдағы,

Тазартам, қуам қандағы сайтан, күнә-ойды.

 

Тартынам астан, түзелем бейпіл сөзден де,

Тиылам жөнсіз сұқтана қарар көзден де.

Құлшылық жасап жинаймын сауап-сыбаға,

Қорғанышым сол қияметтегі безбеннен.

 

Барға да жоққа сабыр етемін шүкір деп,

Ернеуден асар мейірім-сезім шүпілдеп.

Иманнан қорған соғамын, жуып күнәмды,

Көңілдің жыртық, ойдым жерлерін бүтіндеп.

 

Бозала таңнан оянам сәресі ішуге,

Аппақ бір әлем көргенім кілең түсімде.

Ораза тұтам, төзем аштыққа, шөлге де,

Бар менен жоқтың қадірін біле түсуге.

 

Ораза тұтам, ризалығы үшін Алланың,

Жаратқан ием, қуат-күш беріп, қолдағын.

Бескүндік фәни өте де шығар қас-қағым,

Мәңгілік дейтін мекенге барар жолдамын.

Серікжан ҚАЖИ.

Оқи отырыңыз