Үлкен жүрек иесі

Төле биге сәлем бере келген шешен, батыр Шақшақ Жәнібек одан былай деп сұрайды: – Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Сонда Төле би: – Өгізді өрге салма – қанатың талар, наданға көзіңді салма – сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе жетер. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң көркіне қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 80 Уақыты: 19.10.2018

Жаныма шуақ шашқан жақсы адамдар

Менің балалық шағым дүниежүзілік сұрапыл соғыстың дүрбелеңіне тұспа-тұс келгендіктен молшылыққа малынып, шалқып-тасып, бал дәуреннің тәтті дәмін татып өскен өренмін дей алмаймын. Тауқыметті тіршіліктің телегей теңізінде жүздірген сол бір шақтың келеңсіздіктері көз алдыма жиі-жиі елестейтіні бар. Әкем соғысқа кетіп, қақаған қыстың күнінде Ысқабай атамнан, үш тәуліктен соң қапелімде Аршынбике анамнан айырылып, жетімдік тақсіреті желкеме мінген жылдарда құшағына басып, жылы-жұмсағын ұсынып, өзегімді жалғаған аяулы Дәріш әжем еді. Жетімсіреген шағымда, қазақша айтқанда, арқа етімді арша, борбай...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 71 Уақыты: 19.10.2018

Аманат арқалаған ақтаңгер

Мен ол кісімен осыдан 30 жыл шамасы бұрын танысқан едім. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, тіпті, киім киісі де бөлекше Жанат Ахмади жылына бірер мәрте атажұрты – Қапал өңіріне келіп, ағайын ортасында аунап-қунап қайтуды әдетке айналдырған. Бір қызығы, ол автобустан түскеннен кейін бірден туыстарының үйіне тартпай, міндетті түрде аудандық «Қапал еңбеккері» – «Капальский труженик» газетіне бас сұғушы еді. Жары – Роза, қызы – Дінасыл, ұлы – Дінисламды ерте кіріп «Қуат, мына киелі шаңыраққа алдымен кіріп отырмын. Газет дегенің қазақ руханияты...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 69 Уақыты: 19.10.2018

Өнегелі өмір иесі

Ұшы-қиыры жоқ ұршықтай иірілген дүниенің ұйқы баққан пендеге опа бермесі кәдік. Ал ұлы арман жолында кірпік ілмеген жанға не сыйламақ? Қалай ойлайсыз? Әрине, кез келген кісі қарекет етсе қалағанын түгел қармап қалмақ. Ол – өмір қағидасы. Бұдан шығатын қорытынды мынау: үлкен мақсат биігіне баяу көтерілсең де тоқтап қалмауға тиіссің. Сонда арманыңның өзі алдыңнан шығады. Бұл ұлт жанашыры Қалық Мұрат Шаяхметұлының ғұмырнамасынан түйген ойымыз. Сексен дейтін зеңгір таудың шыңына шығып төмен көз тастайды ол. Артынан ілескен ұрпақтың болашағына алаңдайды. Аз ғұмыр емес. Не бітірді? Не істед...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 101 Уақыты: 15.10.2018

ҚАҺАРМАН ҚАЛАМГЕР

Маңдайына жазылған тағдырыоны шарболаттай қайралғаналдаспанға айналдырды. Шыбықты ат қып мініп, асық атып, туған жердің топырағына алаңсыз аунап өскен бақытты балалықты басынан кешірмеді. Қарыны тоя тамақ жеген күндерін ойласа, бәлкім есіне түсер, түспес. Ал ашқұрсақ жүрген кездері... Ол жайлы тіпті, сөз қозғаудың өзі әбестік болар. Осы айтып отырған бір-екі сөйлемдегі талайлы тағдыр иесі қазақтың кемел ойлы перзенті Кемел Тоқаев еді. Балалығы аштық жылдарымен қатар өрілсе, жастық ғұмыры Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген қаламгер Кемел шынымен де қазақтың қаһарман ұлдарының бірі. Балалық ша...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 346 Уақыты: 22.09.2018

Детектив жанрының сардары

Халық ішінде: «Артында баласы қалса, көзі қалды де, сөзі қалса, өзі қалды де», – деген тәмсіл сөз бар. Бұл мақалдың астары тереңде жатыр. Артында «көзі» болып қалатындай ұрпақ тәрбиелеу, өлместей ізі болар ұлағатты сөз қалдыру баршаның қолынан келе бермейтіні анық. Десек те, қазақ әдебиеті тарихында мұндай тұлғалар жоқ емес. Сондай жанның бірі әрі бірегейі, қазақ әдебиетіндегі ең кенже сала саналатын детектив жанрын шырқау шыңына шығарған, ел мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғаған айтулы тұлға – Кемел Тоқаев. Ғибратты ғұмырын Отанға қыз...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 471 Уақыты: 16.09.2018

Алып та анадан туады

Биыл туғанына 100 жыл толғанСәдіғожа Мошанұлы ілгеріде өткен Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбаев сынды ақын, композитор, әнші атанған сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерінің өкшесін баса шыққан тұлға. Оның: Біздің ауыл Кетпенніңетегінде, Ерте шықсам ауылыңажетемін бе? Сары бидай,Сағындым, қалқа,даусыңды-ай,– деп басталатын ерке-наз бен сырлы саздан өрілген, әуелете, асқақтата, жан тебіренте шырқалатын әнін білмейтін жан кемде-кем. Осы күнге дейін Сәдіғожаның әндерін Рамазан Стамғазиев, Жайдар Нұртуған, Жандос Кәкиғали, Мәди Әлемов, Нұржан Жұмаділов, Нұрлан Тұрашев, Тілеуле...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 149 Уақыты: 25.08.2018

Көргені жақсы көш бастар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы туралы сыр шертер болсақ, терең ізденістердің арқасында ғылым мен білімнің ұшар шыңына қонақтаған, қыран мінезді ірі тұлғаны көз алдымызға келтіреміз. Хакім Абайдың: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегеніндей, сонау мектеп табалдырығының өзінде-ақ алдына...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 170 Уақыты: 25.08.2018

Өмірі өрнекті, жазғаны көрнекті

Ұлағатты ұстаз, қарымды журналист, белгілі қаламгер Тұрсынбек Ешенқұлов та 80 жасқа келіп, ел ағасы атанып, өткендері мен өткелдеріне қария болып көз салып, қазіргі және келер ұрпақтарға айтар өзіндік ойлары мен пікірлері бар кезеңге де келіп қалыпты. Кеше ғана студенттік шағымызда тай-құлындай тебісіп, бірер ай көре алмай қалсақ, кездескенде құшақтасып өбісіп өскен балғын кезең көз алдымда буалдырланып сағым болып елестейді. Мен де сол сексенге секіріп мінер жасқа келіп қалсам да өткенге ой жүгіртіп, арғы мен бергіні саралап, біраз ойран-асыр күй кештім. Иә, есіме енді түсті... Басынан бас...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 342 Уақыты: 19.08.2018

Төлеген аға тағылымы

Белгілі жазушы Төлен Қаупынбайұлының есімі елімізге жақсы таныс. Қазақ әдебиетінде өз қолтаңбасымен танылған қаламгер бар ғұмырын журналистикаға арнап, республикалық, облыстық басылымдарда тындырымды еңбек етті. Еңбек ете жүріп, көлемді көркем шығарма жазумен айналысты.Оның қаламынан бірқатар тарихи туынды дүниеге келді. Атақты ғалым Шоқан Уәлиханов, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев және басқа мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірі жайлы роман, повестер жазып, оны 5 томдық шығармалар жинағы етіп шығарды. Осылайша қазақ әдебиетінің ілгерілеуіне қал-қадірінше үлес қосқан қаламгер Төлен Қаупынбай...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 293 Уақыты: 19.08.2018

Оқи отырыңыз