Ант қабылдады

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасында ішкі істер органдары қатарына қабылданған жас қызметкерлер ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне ішкі істер органдарының ардагерлері, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылығы қатысты. Шара Мемлекеттік Гимнмен ашылып, қызметкерлер түзеген сап қосыла орындады. Мерекеге орай тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрлігі облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының бұйрығымен марапатталып, грамоталар табысталды. Жас қызметкерлерді құттықтай келген облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарғали Жаналиев Отанға адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.
– Алдымен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгіннен бастап сіздерге халықтың тыныштығын қамтамасыз ету үшін үлкен сенім артылады. Жүктелген міндеттерді абыройлы атқарып, берген анттарыңызға берік болыңыздар. Елге адал еңбек сіңірулеріңізге тілектеспін, – деді Сапарғали Нәжімұлы.
Ант қабылдау рәсіміне қатысқандар шара соңында сап түзеп салтанатты шерумен аяқтады. 

Мәулен Әнербай.

Оқи отырыңыз