МҰРАТХАН ШОҚАННЫҢ КЕШІ ӨТТІ

МҰРАТХАН ШОҚАННЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің мұрындық болуымен "Адамдарға сеніп өмір сүрем мен" атты ақын Мұратхан ШОҚАНМЕН кездесу кеші өтті.

Жиынға оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты. Кездесуді гуманитарлық факультетінің деканы Айна Маратқызы ашып, іс-шараның мәні мен маңызына тоқталды.

– Кештің мақсаты – Мұратхан Шоқан поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру. Шара ақын шығармаларынан өзінше ой түюге және өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға бағытталды, – деді факультет деканы. Жиын барысында студенттер көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сондай-ақ,  профессор Сайлау Қожағұлов ақынның өлеңдеріне өз пікірін білдіріп, шығармашылығын талдап өтті. Кеш соңында шара ұйымдастырушылары жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақынға сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Ақын өз кезегінде аталмыш білім ордасына алғысын айтып, өз өлеңдерін төгілте оқып берді.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Оқи отырыңыз