Ар-ұят - иманнан

Жоғары мансап, қомақты табыс, жылы орын, қызметтіккөлік Алмастың көңілін аспандатты. Ендігі міндет– сенім үдесінен шығу. Жауапты қызметті мойнына алысымен жоғары жақтың тапсырмасын бұлжытпай орындауға білім-білігін салды. Қызметкерлердің тәжірибесін шыңдау үшін мамандарды арнайы курстарға жіберіп, мекеменің іс жүргізудегі кем-кетігін орнына келтірді. Құжаттарды жедел рәсімдеп, ақпаратты толыққанды, түсінікті жазуды үйретті. Сала бойынша жаңа бастамалар көтеріп, әріптестерінің алдында іскерлігімен таныла бастады. Ұжымдағы ішкі шаруалардың шешімін әділ шешуге көңіл бөлді. Адал адамның ақ ж...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 254 Уақыты: 11.09.2018

Қисынға келмейтін теңеу

Абай дана, Абай дара... Ұлы ақынның артында қалған мұрасы – бүгінгі күнгі рухани азығымыз. Қара сөздері екі ғасыр өткенімен еш құндылығын жоймаған, тіпті бүгінгі кезеңге арнап жазылғандай. Иә, тарих қойнауынан сыр шертіп, әсем сөзбен айшықтала жазылған әңгіме-повестер, жыр дастандар мен өлең шумақтар көп ақында баршылық. Бірі Абайға дейін өмір сүрсе, бірі замандас болған, енді бірі одан кейінгі кезең заманының күйін кешкен. Алайда солардың қайсысын Абайға теңесті деп айта аламыз? Абайдың даралығына ешкімнің күмәні жоқ. Әйтсе де, өкінішке қарай, оған күмән келтірушілер бар. Жақында ға...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 169 Уақыты: 25.08.2018

Шылымның шырғалаңы

Біздің ғасырды дамыған дәуір дейміз. Иә, дамуы дамып жатыр. Бірақ неге кей жастарымыздың санасы дамымай, уланып барады? Тек жастар ғана емес, үлгі тұтар үлкендеріміздің өзі көк түтінге малынып, маскүнемдікке салынып жүр. Жастарға үлкендеріміздің бұл үлгісі әсер етпей қоймайды. Неге десеңіз, жастар тым еліктегіш. Кез келген жерден темекісін бұрқыратқан ұл-қыздарымызды көреміз. Егер темекі тартса олар өздерін «ерекше» сезінетін секілді. Ал сол алдамшы сезімнің неге апаратынын олар ойламайтыны анық. Қаламыздағы кез келген жоғары оқу орнының қай-қайсысына бара қалсаң, бұрыш-бұрышта шы...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 153 Уақыты: 25.08.2018

Ана тілің - арың бұл..

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» қабылданғанына табаны күректей сегіз жыл өтті. Осынша уақыт аралығында қазақ тілі мәселесінде алға жылжушылық бар ма, жоқ әлде бәрі сол баяғы бәз қалпында ма? Түнеу жылдары мемлекеттік тілдің жоқшысы «Ана тілі» газетінде жарияланған ЮНЕСКО-ның мына деректері жанымды түршіктіріп, жағамды ұстатқан еді. «Басылымда жарияланған соңғы мәліметтерге көз жүгіртсеңіз, ғалымдар жан даусы шыға дабыл қағады. Оған себеп – соңғы үш ұрпақ ауысқанда жер бетінде өмір сүріп жатқан алты...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 136 Уақыты: 25.08.2018

Бала батыр

Адам баласы бойындағы жақсы қасиетін, батылдығы мен мейірімділігін, жанашырлығы мен бауырмалдығын әртүрлі жағдайда көрсете алады. Бірі жомарттық жасап, қайырымдылығын танытса, кейбір азаматтар сын сағатта өз өмірін ойлап жатпастан өзгені құтқарып қалудан тартынбайды. Сондай батыл жастың бірі – Алакөл ауданы, Теректі орта мектебінің 11-сынып оқушысы Елдар Абдиев. Алакөл ауданы, Үшарал қаласының 101 телефонына кешкі сағат 4 шамасында Теректі ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, №69 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түседі. Араға бірер минут салып Қабанбай ау...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 123 Уақыты: 25.08.2018

Махаббатқа не жетпейді?

Иә, осы бір нәзік сезімді сезіну, оны ұстап қалу, болмаса соңын сыйластыққа ұластыру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған бүгінгі жас отаулардың жыл болмай ажырасып, айырылысып жатқаны дәлел. Өкінішті. Ұнату, жақсы көру, ұнау, жақсы көріну – ол Тәңір берген сый. Сыйды қалай қабылдайсыз, өз еркіңіз. Маңдайға жазылған жолмен жүресіз, ал Алла таңдау жасатып тұрса, таңдап үлгеру керек. Бүгінгі махаббаттар минут сайын құбылып, секунд салып өзгеріп тұратын сияқты. Бір қыздың соңынан қалмай жүрген жігіттің ертесі сезім өшті деп отыруы қазір таңсық емес. Бастапқыда үрке қарайтын едік, қ...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 141 Уақыты: 25.08.2018

Тәрбиешінің еңбегі неге еленбейді?

Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кемде-кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар... Адам өмірінің мәні – артында ізін жалғастыратын тамаша бір ұрпақ қалдыру. Балаларға деген сүйіспеншілік осы мамандықты таңдауыма себепкер болды. Сондықтан тәрбиеші болуды менің өмірдегі орным деп санадым. Әртүрлі еркеліктер мен тәтті сөздер, пәк сезімдер тоғысатын, әрі мектепке дейінгі оқу-іске даярлық дағдысы қалыптасатын құтты мекен – ол балабақша. ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріпте...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 130 Уақыты: 25.08.2018

«Болған» мен «боламыздың» арасында

«...Барлық адамдарды біріктіріп, қосып алғанда Құдайдың жер үстіндегі бейнесі болып шығады. Құдайдың сол бейнесінің аты – Ертең-Құдай. Дәл бүгінгі тіршілігің кәдімгі тіршілік сияқты; бірақ сол бүгінгі тіршілігің жан-жақты болған күннің өзінде, әйтеуір, ертеңгі күнім басқа болса екен, бүгінімнен де жақсырақ болса екен деп тілеп тұрасың. Әне, сондықтан біздің кеудемізде Құдайдың Нұр-сәулесіндей мәңгі сөнбейтін Үміт оты жанып тұрады. Ертең-Құдай дейтініміз сол». Бұл «Жанпида» романында Иисустың аузымен айтылған Шыңғыс Айтматовтың сөзі. Қырғыз жазушысының «Ер...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 208 Уақыты: 25.08.2018

Боркемік ұл, кесір келін, тәтті немере...

Түннің түндігі түріліп, тіршілік атаулы тіріле бастағанына біршама уақыт өткен. Сәске түскенше ұйықтаймын деген ойдан арыла алмаған Санат бұл жолы ерте тұрды. Үйдің жалғызы болғаннан кейін бе, ата-анасы оған аса шектеу қоймайтын. Қашан тұрамын, қашан жатамын дегеннен мүлдем бейхабар үй кенжесі ерке болғанымен, өте зерек, алғыр бала еді. «Ақпа- құлаққа айтсаң ағып кетеді» деген тәмсіл бұған қаратып айтылмаса керек. Атасының айтқан әңгімелері мен өнегелерін аузына кіріп кетердей тыңдап өскен балақайдан боркемік біреудің шығуы мүмкін емес-ті. Сол зеректің бүгінгі тірлігі: бау-бақша...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 423 Уақыты: 20.07.2018

Бәрі сенің қолыңда

Адамзат баласы жаратылғаннан бері жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, адалдық пен арамдық, шындық пен өтірік, дарын мен дарынсыздық жарыса ғұмыр кешіп келеді. Мәреге кім бірінші келеді? Жеңімпаз кім? Ол енді әр адамның өз еркінде. Мәреңіз қай жерде, қандай деңгейде, қайсысын көбірек баптадыңыз дегендерге байланысты. Қалай болғанда да жұмырбасты пенденің тұла бойында махаббат пен ғадауат тынбай айқасып, әрқашан итжығысқа түсіп жататыны анық. Махаббат – сүю болса, ғадауат – жек көру. Дін ғалымдарының сөзіне құлақ түрсек махаббат та, ғадауат та солардан өсіп-өнетін жақсылықта...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 360 Уақыты: 20.07.2018

Оқи отырыңыз