ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

Талдықорғандағы «Нұр-Авиценум» медициналық орталығынан таң атқаннан кеш кіргенше адам аяғы үзілмейді. Солардың арасында сан түрлі жұмысты үйлестіріп, келушілердің әрбірімен жылы сөйлесіп, сұрағына шын пейілмен жауап қайтарып, жаны қалмай жүретін бір адамды кездестіресіз. Ол осы орталықтың меңгерушісі Шолпан Аралбаева еді. (Суретте сол жақтан екінші). Еліміз тәуелсіздік алғалы бері денсаулық сақтау саласына да сан түрлі өзгеріс енді. Жекеменшік емдеу орындары көптеп бой көтеріп, тұрғындардың сапалы ем алуы үшін тынымсыз еңбек етуде. Сол қатарда 1992 жылы Талдықорғаннан &l...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 29 Уақыты: 20.04.2018

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МА?

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтер пакетін оңтайландыру, жаңа үлгісін әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Президенттің бұл бастамасын сала мамандары да қолдады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Көмектің қазіргі форматы 2004 жылы жасалды. Жыл сайын жаңарып отыратын құжатта тегін медициналық көмектің барлық түрлері мен формалары, қызмет көрсету тәртібі мен ақысы, мемлекет тарапынан ақысы төленбейтін қызметтердің кейбір түрлері атап көрсетілді. Бұл құ...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 41 Уақыты: 18.04.2018

АНА мен БАЛА ӨМІРІ

Денсаулық саласының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған алқа өтті. Онда 2016–2019 жылға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Жиынға облыстық, аудандық, қалалық медицина мекемелерінің басшылары және дәрігерлер қатысты. Алқаға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жетекшілік етті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен саладағы кем-кетіктерді сөз етті. – 2017 жылы облыстық денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 82,8 млрд. теңгені құрады. Оның 74,7 млрд. теңгесі республика...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 50 Уақыты: 13.04.2018

Медициналық қорға жарна жиналуда

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз жұмысын бастады. Осы орайда, емханаларға тіркеу электронды жүйеге көшірілуде. Жекеменшіктер сапалы қызмет көрсету үшін емдеу тәсілдерін жандандыруда. Мекемелер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, құрал-жабдықтар ала бастады. Емделуші мекемені өзі таңдайтын болғандықтан емханалар арасында бәсекелестік пайда болды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру – медицина саласын жетістікке жеткізетін әдіс. Сең қозғалды. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес өткен жылдың шілде айынан әлеуметтік медициналық...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 42 Уақыты: 11.04.2018

Мейірім мерекесі

Облыстық №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің 15 жылдығы аталып өтті. Мекеме 2003 жылы облыстағы медициналық көмекті қажет ететін балаларға жәрдем көрсетуді бастаған. Содан бері дәрігерлер денсаулығында кемшілігі бар балаларға барынша жәрдем көрсетіп келеді. Наурыз айында мекеме басшысы Гүлнәр Төлегенова өздерінде қызмет істеп, зейнетке шыққан ардагерлерді шақырып, ұйымның 15 жылдығын тойлады. Ардагерлерге дастарқан жайып, құрмет көрсетті. Бұл күнгі шат-шадыман басқосуға мекеменің алғашқы меңгерушісі Гүлжан Төлегенова, дәрігер сурдолог Любовь Регер, дәрігер невр...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 89 Уақыты: 31.03.2018

Туберкулез ауа арқылы таралады

Сырқаттанудың алдын алу қазіргі заманғы денсаулық сақтау саясатының маңызды міндеттерінің бірі. Мұндай міндет бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен МӘМС жүйесінде белгіленіп отыр. МӘМС шеңберінде алдын алу шаралары кеңейтіліп, 2020 жылға қарай сатып алынған қызметтердің 40 пайызын амбулаторлық-емханалық көмек құрайды. Туберкулез – бактерия арқылы тарайтын жұқпалы сырқат. Қоздырғышы – микробактериялар немесе бәріміз білетін «Кох таяқшалары». Кох таяқшасы адам организміне жат микроорганизм болғандықтан микроб сау ағзаға түскен кезде иммун жасушалары оған шабуыл жасап,...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 81 Уақыты: 28.03.2018

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

Адам денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Адамдар дұрыс тамақтану сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытып, ауырып қалса, тез уақытта емдейтін дәрі-дәрмекке жүгінеді. Ас – адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін қажет. Қазақ тағамтану академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төреге...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 122 Уақыты: 28.03.2018

Мықты маманға сұраныс жоғары

Отандық медицина адам емдеуде озық үлгілерді қолдануда. Дәрігер қызметіне жүгінген әрбір емделушінің сапалы ем алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені, әлеуметтік маңызы бар сырқаттардан басқа экологияның әсерінен де кесел түрлері көбейгендігі жасырын емес. Еліміздің дәрігерлері соңғы жылдары көптеген аурулар, оның ішінде күрделі оталарды өздері жасап жүр. Тек өте сирек кездесетін ауруларды ғана квота арқылы шетелде емдеу қарастырылған. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында халықтың денсаулығын нығайту, сапалы медициналық көмек көрсету жайлы айтып, тапсырма...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 91 Уақыты: 26.03.2018

БАЛАДА БОС УАҚЫТ БОЛМАСЫН

Ғаламтор арқылы баланы аздыратын әдіс-тәсілдер шығыпты. Түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында жасөспірімдердің санасын улайтын сусындар бар. Қор-қордың құрамына есірткі қосатын болыпты. Мақсат – санасы қалыптаспаған балаларды тәуелділікте ұстау, болашағына балта шабу, тұзаққа түсіру. Қаскөйлер ақпарат құралдарын да жаулап алды. Жер астынан жік шықты деген осы шығар. Мұның бәрі қауесет пе, жоқ, шын сөз бе, маманнан сұрап білейік деген ой түйдік. Облыстық наркология диспансерінің дәрігері Мақсат Ерғабыловқа барып, мән-жайға қанықтық. – Ата-ана неден сақтану керек? Қандай қоғамд...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 145 Уақыты: 01.03.2018

Қаны таза адам қасірет шекпейді

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда адамдар арасында өлім-жітім көп. Бұрын, бала күнімізде, біздің ұғымымызда тек жасы келген кәрі кісілер ғана қайтыс болатын сияқты көрінетін. Солай болды да. Ал қазір түрлі дерт өрімдей жастарды да, тіпті, бесіктегі бөбектерді де жалмап жатыр. Бүгін біз ағзадағы ауруларды тың тәсілмен емдеп жүрген ерекше дәрігер туралы әңгімелемекпіз. Иә, аурудың түрі көп. Санамалай жөнелсек, саусақтарымыз да жетпес. Ел арасында тері аурулары, қан аздығы, аллергия, урологиялық, эндокриндік сырқаттар, жүйке жүйесінің бұзылуы, тағы да басқа кеселді дерттердің көбейіп келе жатқанды...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 192 Уақыты: 16.02.2018

Оқи отырыңыз