Екпе салдырғаннан еш зиян жоқ

Екпе салдырғаннан еш зиян жоқ

Иммундау – вакцина салу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын немесе жұқпалы ауруларды қабылдамау иммунитетін тудыратын процесс. Ол өмірге қауіп туғызатын жұқпалы ауруларға қарсы күресте сынақтан өткізілген құрал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес иммундау жыл сайын 2 – 3 миллионға жуық өлім жағдайының алдын алады. Міне, сондықтан ажалдан арашалап, аурудан сақтандыратын процестен бас тартпау керек.

Жер шарында вакцина шығарылғанға дейін жұқпалы аурулардан балалар өлімі мен жалпы өлім жағдайы өте жоғары болатын. Оба, тырысқақ, шешек аурулары миллиондаған адамның өмірін алып кетті. Бүгінгі күнге медицина саласында алдын алу шараларының дамуы нәтижесінде аталған жұқпалы аурулар туралы тек қана медициналық кітаптардан оқып білуге болады. Бұл жағдайда екпенің әсерін жоққа шығару орынсыз және мүмкін емес. Сіздің балаңыздың жұқпалы аурулардан  екпесіз де сырқатқа шалдықпай өмір сүруі мүмкін, бірақ тағдырды алдауға бола ма? 
Ата-аналар бүгінгі күнге дейін бүлдіршіндеріне екпе салдыруға бола ма деп күмәнданады. Себебі, дәрігерлер вакцина арқылы қорғауға тырысатын ауру түрлері өте сирек кездеседі. Расында, шығарылған вакциналар адамзатты жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақылға сыймайтын жетістіктерге жеткізді. Әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін жалмайтын шешек сырқаттанушылығы толығымен жойылды. Полиомиелит сырқаттанушылығы да жойылды, енді қызылшаны жою жалғасуда. Дифтерия, қызамық, көкжөтел, эпидпаротит және басқа да қауіпті жұқпалы аурулар жүз, тіпті мың есеге төмендеген. 
Вакцинаның қажеттілігіне мамандар тіпті де күмәнданбайды. Бірақ тұрғындар арасында бүгінгі күнге дейін екпенің зияны туралы пікір қалыптасқан. Ендеше шындығы немесе жалғаны қайсы, талқылап көрейік.  
Вакцинаның көмегі арқылы алдын алатын сырқаттанушылықтар елімізде жойылған, сондықтан вакцинамен егілуге негіз жоқ. Бұл дұрыс емес пікір. Вакцинаның көмегі арқылы алдын алатын сырқаттанушылықтар көптеген елдерде сирек кездескенімен әлемнің басқа елдерінде олардың қоздырғыштары айналымда жүр. Бір-бірімен байланысы бар қоздырғыштар шекара арқылы өтіп, екпемен қорғалмаған кез келген адамға жұғуы  мүмкін. 
Екінші жалған пікір – вакциналар әлі де белгісіз көптеген зиянды және ұзақ уақыттық кері әсерлер береді. Жоқ, шынтуайтында олай емес. Вакциналар қауіпсіз. Көбінесе олар болмашы және уақытша әсер береді, мысалы ине салған қолдың ауырсынуы және елеусіз дене қызуының көтерілуі. Күрделі әсерлер өте сирек кездеседі және тиянақты бақылау жүргізіліп, тексеріледі. 
Вакцина арқылы алдын алатын балалар ауруы аса қауіпті емес. Бұл үшінші қате пікір. Анығында қызылша, эпидпаротит, қызамық сырқаттанушылықтары қауіпті жұқпалы ауру саналады. Бұл аурулардың асқынулары балалар мен ересектерде пневмония, энцефалит, соқырлық, іш өту, кереңдік, туа біткен қызамыққа және өлім жағдайына әкеліп соқтырады. 
Бір мезгілде балаға біреуден артық енгізілген вакцина оның иммундық жүйесінде кері әсерлердің пайда болу қаупін туғызуы мүмкін деген де жалған пікір қалыптасқан. Ғылыми мәліметтерге сәйкес бірнеше вакциналардың енгізілуі баланың иммундық жүйесіне қолайсыз әсер бермейді. Бірнеше вакцинаны бір мезгілде енгізудің негізгі ерекшелігі – емханаға келу жиілігін азайтады, уақыт пен ақшаны үнемдейді және балаларға ұсынылған кестеге сәйкес екпелердің салыну мүмкіндігі жоғарылайды.  
Тұмауға қарсы вакцина салу тиімсіз деген кері пікірлер де қалыптасқан. Тұмау әлем бойынша жыл сайын 300-350 мыңға жуық адамның өмірін алып кетеді. Тұмауға қарсы вакциналардың көбі кез келген кезеңде айналымда болатын кеңінен таралған үш түрлі вирус штамдарына қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Вакцина алғанша сырқаттанып иммунитет қалыптастырған жөн деген жалған түсінік те бар. Вакциналар иммундық жүйемен бірлесіп әсер етеді, жұқпалы ауруға қарсы иммундық жүйені қалыптастырады, бірақ олар ауру туындатпайды немесе егілгендерді асқыну қаупіне ұшыратпайды. Жұқпалы аурулардан, мүгедектік пен өлімнен сақтайтын ең тиімді жол – вакцинация екенін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан, екпе салдырудан ерінбей, дер уақытында салдыруды естен шығармайық. 


Е. СЫДЫМАНОВ,
облыстық қоғамдық  денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Оқи отырыңыз