ШОЛАҚАЙДАҒЫ ШУАҚТЫ КҮН

ШОЛАҚАЙДАҒЫ ШУАҚТЫ КҮН

Еліміздің Тұңғыш  Президенті күні мерекесінде Шолақай ауылында күніне 50 адам  қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік-акушерлік үйі салынып, пайдалануға берілді. Елбасының халыққа «100 мектеп, 100 аурухана» бастамасы бойынша бөлінген 200   миллион теңгеден астам қаржыға тұрғызылған жаңа ғимарат құрылысы 11 ай ауқымында аяқталды.

Сапалы,  заман  талабына  сай  сәулеткерлік  сәнімен  атқарылған, айналасы  абаттандырылған  жұмысқа  ауыл  тұрғындары  дән  риза. Құрылысты  атқарған  «Alatau construction group» ЖШС құрылысшыларына  үлкен-кіші  ауыл  тұрғындары  алғыстарын  жаудыруда. Жаңа  ФАП  үйінің  ашылуында  аудан  басшысы   Бердәулет  Абдулдаев  пен  облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы  басшысының  орынбасары  Эльмира  Ахметова   сөз  сөйлеп,  ауыл  тұрғындарының  қуанышына  ортақтасты. Салтанатты  сәтте  Шолақай  ауылының  құрметті  қариялары Кеңес  Ноғайбеков  пен  Бердіқожа   ақсақал  ауылдастарының  атынан    қарапайым  халықтың  денсаулығын  сақтауға  ерекше  көңіл  бөліп,  Үкіметке  бағдарлы  тапсырмалар  беріп  отырған  еліміздің  тұңғыш  Президентіне,   облыс,  аудан  басшыларына  алғыс  сезімін  білдірді. 
Жаңа  салынған  ФАП озық  үлгідегі  медициналық  құрал-жабдықтармен  жарақтандырылыпты. Салтанатты  сәтте  облыс  орталығынан  келген  қонақ  пен  аудан  әкімі,  ауылдың  құрметті  қариялары жаңа  ғимараттың ашылу  рәсімін  жасаған  соң  мерекеге  жиналған  ауыл  тұрғындары  ФАП  үйін  аралап, жаңа  ғимараттағы  жаңалықтармен  танысты. Қуанышты  шараны  ауыл  өнерпаздары  ән-күймен  әрледі.
                                                                     

Мырзағали Нұрсейіт,
Панфилов ауданы.

Оқи отырыңыз