Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жаңа басшыны тағайындау рәсімі өтті.  Облыс әкімінің орынбасары  Жақсылық Омар біраздан бері бос тұрған орынға  Алматы қаласындағы тері венерология диспансерін басқарған Бауыржан Ысқақовты отырғызды.  

Жауапты саланы басқарудың мән-маңыздылығына тоқталған  Жақсылық Мұқашұлы:  

– Адам тағдыры – қоғам тағдыры,  қоғам тағдыры – мемлекет тағдыры екенін есте ұстаңыздар, – деді.  Жаңа басшыны құттықтау сөз кезегін алған облыстың бас кардиологі  Рахымберді Сұлтанбеков: "Адамның бойында жақсы қасиет болса, ол жақсы басшы да, жақсы ұйымдастырушы да бола алады", – деген  аталы  сөз айтты. 

Медицина саласына реніш білдірушілердің, салада  кем-кетіктің бар екенін де  сала басшысы жасырған жоқ. Бірақ, ақ желеңді абзал жанның басты  міндеті –адамның жанына араша болу екені қайталай, қадай  еске салынды. 

Гүлжан Мұқашқызы.

Оқи отырыңыз