ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ сыйлады

Бүгінгі таңда елімізде медицина саласы қарыштап дамып, заман талабына сай қадам басуда. Ауданымызда да аталмыш сала жұмысы оң жолға қойылып, халық денсаулығын сақтауда ауқымды істер атқарылуда.

Десек те, кейбір емдеу аппараттарының әлі де жетпей жататыны  көңіл қынжылтатын. Жақында бұл мәселе де шешімін тапты. 
Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған игі шара көпшілікті қуантты. Аудандық орталық аурухана бас директорының орынбасары Қамар Ибраимова қолға алған шара негізінде Алматы қаласындағы А. Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Г. Сейдолла бірқатар медициналық аппараттарды ауруханаға табыс етті. Шарапатты іске ризашылығын білдірген аудан тұрғындары енді Алматы мен облыс орталығына бармай-ақ денсаулықтарын заманауи аппаратпен қадағаламақ. 

Алтынай СЕЙТКЕН 
Балқаш ауданы

Оқи отырыңыз