"ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ" АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп Талдықорған қаласында "Заманауи әлемдегі жастардың дене тәрбиесі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция 30 қараша күні сағат 10.00-де өз жұмысын бастады. Конференция жұмысына 22 жоғары оқу орындарынан 80-ге жуық оқытушы профессорлар, ғалымдар қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бас директоры С.Ш.Мұстафаев қатысып, былай деді:

- Бұл конференцианы ашып, сіздермен жүздесу мен үшін үлкен құрмет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Дамыған мемлекеттік жаңа саяси жолы» атты Жолдауында Елбасы: «Дене тәрбиесі мен спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы тиіс. Салуатты өмір салты әрқашан ұлт денсаулығының кілті болып табылады», - деп атап көрсеткен еді. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта білім ордаларында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Осы бағытта жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру, спорт және спорттық дайындық жүйесі көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті біріге отырып осы салада еңбек етіп жүрген жас ғалымдардардың басын қосып конференция өткізуді мақсат етті.

Одан кейін Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры, профессор М.Есқалиев, конференция жұмысының модераторы болып І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Е.К.Утегеновтер қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ конференцияның пленарлық отырсында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғ.Б. Мадиева баяндама жасап, өз сөзінде негізгі баяндамасының тақырыбы: ЖОО-да дене тәрбиесі жұмысының негізгі мәселелері университеттің жұмыстарына жан-жақтылы тоқталып, атқарған жұмыстары туралы айтты. Қостанай мемлекеттік техникалық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Д.А.Танабаев өз баяндамасын А.Байтұрсынов атындағы «Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерінің қалауы бойынша дене шынықтыру сабағы оқу жүйесіне енгізу» туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде университеттің атқарған жұмысы туралы толықтай баяндап берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры А.И.Арешенко Университеттегі жұмыстарға тоқтала келе, алдымыздағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында сөз қозғады. Бұдан кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті өнер және спорт факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Қ.Утегенов «Жоғары оқу орындарындағы спорттық – бұқаралық жұмыстың ұйымдастыру мәселесіне» толықтай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында университет ішіндегі және басқа да спорт жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Бұдан кейін жарыссөзге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Сейсенбаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы атынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Тұяқбаева сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын айтты.

Сол күні түстен кейін мына тақырыптар бойынша секциялық жұмыстар өткізілді: 1-секция бойынша "Қазақстан студенттік спортының көкейтесті мәселелері" бойынша баяндамалар жасалды. Модератор: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті атынан доцент Б.Бителеуов. 2-секция бойынша "Жоғары оқу орындарында спорт және спорттық дайындық жүйесі тақырынба баяндама жасалды. Модератор: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті атынан доцент Г.Ғалиева. 3-секция бойынша "Дене шынықтыру және жоғары спорттағы жетістіктер инновациясы", 4-секция бойынша "Дене шынықтыру және жастардың денсаулығы" тақырыбында баяндамалар жасалды.

Конференция жұмысының пленарлық мәжілісі және секция отырысы біткеннен кейін қатысушылардың барлығы ҚР IX-жазғы Универсиада жарыстарының жабылу салтанатына қатысты.

Әмір Сана.

Оқи отырыңыз