УАҚЫТША ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУДІ ИЕЛЕНДІ

УАҚЫТША ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУДІ ИЕЛЕНДІ

Сүйінші! Қазақтың қайсар баласы Арман Əшімов Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде финдік Микаэля Силандерді ұтып, уақытша чемпиондық белбеуді иеленді.

Осыған орай Өңірлік коммуникация қызметінің ұйымдастыруымен брифинг өтті. Шара облыстық  дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Чарапиевтің алғы сөзімен бастау алды. Ол:

 – 2018 жыл спортшыларымыз үшін жақсы нәтижемен басталды. Ел намысын қорғаған Арман Әшімовтің жеткен жетістігі көп. Ол ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы және кигбоксингтан спорт шебері, – дей келе, жұртшылыққа спортшының жетістігін толықтай тарқатып берді. Осыдан кейін сөзді Қазақстан ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким алып, облыстық спорт басқармасына алғысын білдіріп, Арманға алдағы уақытта да  жеңістерің көп болсын дееген ақ тілегін ақтарды.

Айта кетейік, Арман Әшімовтің жеңісі ағымдағы жылы М-1 Global лигасындағы басты жаңалық болды. Ол промоушн матчмейкерлері Қазақстан ММА Федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсеновтің ұсынысы бойынша шаршы алаңда шашасына шаң жұқпаған Гаджимурат Алиевті тамаша нокаутпен жеңген еді. Екінші кездесуінде бразилиялық Родриго Мелониді ұтты.

Айдар Қалиев

Оқи отырыңыз