ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

   Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы «Жастар» спорт кешенінде 2002-2003 жылғы жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті. Додалы жарысқа әр ауданнан іріктеліп келген балуандар қатысты. 

 

   Жоғары деңгейде ұйымдастырылған облыстық сайысқа жұртшылық көптеп қатысты. Дода десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер сынға түскен балуандарды қызу қолдап отырды. Чемпион атанған балуан ел біріншілігінде облыстың намысын қорғайтын болғандықтан самбошылар барын салып күресті. Жауырынын жерге тигізгісі келмеген балуандар сайысы тартысқа толы болды. 
   Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 42 келіде 1-орынды Ерасыл Оралбай жеңіп алса,       2-орынды Ильзат Асиев еншіледі. Ал, Манер Ажарбек тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. 46 келіде Данил Ахметжанов алтыннан алқа тақса, Ақжол Даукен күміспен күптелді. Айдос Жұмабек қолаға қол созды.  50 келіде 1-орынды Махамбет Мұратұлы қанжығасына байлады. Ислам Даутов пен И. Джармұхамбетов екінші және үшінші орынды өзара бөлісті. 55 келіде 1-орынды Дамир Кәрім иемденсе, 2-орын Думан Зикирияеевқа бұйырды. 3-орынды Дулат Нұрқасымұлы еншіледі. 60 келі салмақта 1-орынды Ілияс Қасен қанжығасына байлады. 2-орын Бақтияр Рүстем иеленді. 3-орын Қасымжомарт Қанатбекке тиесілі. 66 келі салмақта Бекнұр Тәңірберген алтыннан алқа тақса, Асанәлі Абзалбек күміс жүлдені еншіледі. Темірлан Қабдрахманов қола жүлдені қанағат тұтты. 72 келіде 1-орында Еркін Айберген жеңіп алса, Олжас Жұмабаев тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Әлімтай Кошкулов үздік үштіктің қатарында.             78 келіде бас жүлде Зелимхан Мусимхановқа бұйырды. 2-орынды Ғазиз Сансызбай иеленді.             3-орынды Темірлан Қайролда еншіледі.  84 келіде     1-орынды Айбұлан Лесқан қанжығасына байласа,      2-орынды Дидар Әбіл жеңіп алды. Ардақ Қали тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. +84 келіде        1-орынды Руслан Иманбеков иеленсе, Алмат Серікбаев пен Даурен Хамитов екінші және үшінші орынды өзара бөлісті.  
   Қыздар арасында  38 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Ғазиза Нұрмұхамедқызы жеңіп алса,          2-орын Алина Люшенкоға бұйырды. 41 келіде бас бәйгені Аружан Арман қанжығасына байласа, Бота Әлпиева күміс жүлдені қанағат тұтты. 44 келіде бас бәйгені Самал Сарқытбаева еншілесе, 2-орын             В. Цыхоня иемденді. 48 келі салмақ дәрежесінде          1-орынды Жайлық Бейсенбаева қанжығасына байласа, 2-орын Гузаль Аюповаға бұйырды.  Үздік үштіктің қатарынан Адема Ізбасарова көрінді. 52 келі салмақта  1-орынды Меруерт Рахымбек жеңіп алса, 2-орынды Замира Тәңірберген олжалады. 3-орынды Ангелина Лю еншіледі. 56 келіде 1-орын Ақнұр Асылбекова иемденсе, Анар Берикан тұғырдың екінші сатысынан көрінді, П. Салимбаева үздік үштіктер қатарына енді. 60 келі салмақта 1-орынды Айдана Жарболова жеңіп алса, 2-орынды Роза Нысантайқызы иеленді, 3-орын Айгерім Қажыбектің қанжығасында. 65 келі салмақта  1-орынды Анель Қайратқызы еншілесе, Аружан Кенесары тұғырдың екінші сатысынан көрінді. 3-орында А. Тілеукенова. 70 келіде Балжан Алғабек жеңімпаз атанса,  Бақжан Ауданбек күміс жүлдеге қол созды. А. Журкабаева қола медальды иемденді. +70 келі салмақта             1-орынды Карина Скогорева жеңіп алса,  2-орын Ілежан Минардың еншісінде. Дильнар Рустамқызы үздік үштіктің қатарынан көрінді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Оқи отырыңыз