ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

   Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Текелі қаласындағы спорттық нысандарды аралады. Онда жеке меншік пен мемлекет әріптестігі аясында жергілікті жерлерде спортты дамыту мәселесін сөз етті.

 

   Алдымен облыс әкімінің орынбасары «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ, «Спорткомплекс ЗМС» ЖШС және «Батыр» күрес залының  жаттығу орындарын көріп, жабдықтарымен танысты.
– Бұл жерлерге Қазақстан Ұлттық құрамасының атақты спортшылары мен бапкерлері келіп дайындалады.  Нысанның иесі барлық жағдайды жасап берген, қажетті жабдықпен қамтылған. Жататын жері мен асханасы бар. Біз айына ақша төлеп тұрамыз, есесіне біздің балалар сол спортшылармен бірге жаттығатын болады, – деді Жақсылық Мұқашұлы.
Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 14 спорт түрінен 780 бала жаттығып, білім алады. Ал ауыр атлетикадан олимпиадалық дайындау орталығы «Спорткомплекс ЗМС» ЖШС 2014 жылдан бастап ресми түрде жұмыс істеп келеді. Кәсіпкер М. Сыдықов өз қаражатына «Батыр» күрес залын салып, 2017 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берген. Ендігі кезекте осы нысандарда Текелі қаласының балалары дайындалып, ел намысын қорғауға әзірленбек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ.

Оқи отырыңыз