ЛАТВИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЛАТВИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Латвия Республикасының Даугавпилс қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті. 31 елден 700 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Жұмахан Күзбаев жеңіспен оралды.

Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен намыстың қызуы бар екенін білектің күшімен дәлелдеді. Әсіресе, гірді сілке көтеруден әлемдегі ең мықты спортшы тек қазақтар екенін көрсетті. Жеңіспен оралған чемпионды Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және спорт мектебінің тарландары қарсы алды.

Жұмахан Күзбаевты жеңісімен алғашқылардың бірі болып арнайы келген Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков құттықтап, батасын берді. Бұл – ел абыройын асқақтатқан спортшымыздың алтыншы жеңісі. Алып күш иесі 32 келі тартатын гірді 10 минутта 107 рет көтеріп, рекорд жаңартып, әлемге республика атын танытты.

                                                                    "ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз