ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Балқаш ауданында спорт саласының даму қарқыны жоғары деңгейде десек, артық айтқандығымыз емес. 
Олай деуіміздің себебі, ауданымыздың жас спортшылары облыстық, республикалық  жарыстардан жүлделі орындармен оралуда. 
Атап айтсақ, жуырда Щучинск қаласында жасөспірімдер арасында күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сында ауданымыздан  Хамит Сембаевтың жетекшілігімен барған жас спортшы Мұхит Нұрдос 48 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Тек мықтылар бақ сынаған чемпионаттан жүлдемен оралып, аудан абыройын асқақтатқан Мұхит Нұрдосты жеңісімен құттықтаймыз.          

Алтынай СЕЙТКЕН 
Балқаш ауданы

 

Оқи отырыңыз