Амандық БАТАЛОВ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Амандық БАТАЛОВ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Талдықорғанда қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты аяқталды. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

 

«Жастар» спорт сарайында өткен 2001-2002 жылы туған қыздар арасындағы финалда «Жетісу-1» Керекудің «Ертіс» командасын 3:0 есебімен жеңді. Ал үшінші орынды Теміртаудың құрамасы алды. Олар «Жетісу-2» командасын 3:1 есебімен ұтты. Теміртаулықтар «В» тобының чемпиондары есебінде финалда ойнауға тиіс еді, алайда марапаттауға қатыспайтындықтан, ұйымдастыру комитеті ойын тәртібі бойынша жазалады. Ал 2003-2004 жылы дүниеге келгендер арасында болған ақтық сында «Жетісу-1» шығыс қазақстанның қыздарынан 0:3 нәтижесімен жеңілді. 2005-2006 жылғылардан Керекудің командасы бірінші орынға, екінші орынға Солтүстік Қазақстанның командасы ие болды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі Амандық Баталов, «Жетісу» волейбол клубының жетекшісі Асқар Шалқыбеков және Қазақстан жастар құрамасының бапкері Елена Павлова марапаттады.

Жалпы алты күнге созылған чемпионатқа 46 команда қатысты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз