"СОРБҰЛАҚ" МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

Талдықорғанда облыстың 2016-2020 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы талқыланды. Басқосуға облыс бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов төрағалық етті. Жиын барысында экологиялық мәселелерді шешу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі мен алдағы уақытта істелетін жұмыстар таныстырылды. Шараға көтерілген мәселелерге қатысты тұшымды жауап айта алатын аудан, қалалардан келген эколог мамандар қатысты. Күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Оның бірі – «Сорбұлақ» қалдық суының кері әсерін ж...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 36 Уақыты: 23.10.2018

Кімдердің жалақысы өседі?

Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы әлеуметтің әлеуетін көтеріп, еліміздегі еңбекақы мәселесіне тың өзгеріс, жаңа леп әкелетін мүмкіндігімен ерекшеленді. Әсіресе, келесі жылдың қаңтар айынан бастап төмен жалақы алып отырған бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсіп, табысының молаятындығы жұртты елең еткізді. Бұл туралы Елбасы: «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адам...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 73 Уақыты: 22.10.2018

АЗАМАТ МӘРТЕБЕСІ АНЫҚТАЛУДА

Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Азаматтардың мәртебесін анықтау туралы мәселе қаралған жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Зайда Ілімжанова баяндама жасады. Зайда Ілімжанованың айтуынша, өңірде бүгінгі күні мәртебесі анықталмаған 400 530 адам бар. Олардың тізімдері «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасынан» қалыптастырылды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде 301 586 мың адам актуалдандырылған. Қалған 98 944 адамды актуалдандыру бойынша жұмыстар жалғасын табу...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 91 Уақыты: 22.10.2018

Абай мектебіндегі айтулы шара

«Күз мереке – күз береке». Талдықорған қаласы Абай атындағы №1 мектебінде осындай тақырыпта танымды шара ұйымдастырылды. Бастауыш сынып бүлдіршіндері бас қосқан тәрбие сағаты жас ұрпаққа табиғаттағы түрлі құбылыстарды және күз кереметін айқын ашумен өрбіді. Айтулы шара балғындар жүзіне күлкі сыйлап, оларды ой ұшқырлығына, талғампаздыққа, шымыр да шапшаң қимылдауға жетеледі. Оқушылар ән айтып, би билеп, күз қадірін арттыратын көріністерімен ерекшеленді. Табиғаттың төрт мезгілінің ішіндегі ерекшесі ол – күз. Түрлі тосын мінез танытып, бірде нөсерлетіп, бірде қар бораты...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 133 Уақыты: 19.10.2018

Баспана алудың тиімді жолы

Талдықорған қалалық әкімдігі мен «Халық банкі» өкілдері және тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпорын мамандары бірлесіп, жетісулықтарға «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру жұмысын бастап кетті. Осы мақсатпен аталған топ мүшелері Талдықорған қаласынының тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Елбасының тапсырмасы негізінде Ұлттық банк әзірлеген «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы осы жылдың шілде айынан іске қосылды. Жобада ипотекалық қарызды бастапқы 20 пайыз жарна төлей отырып 25 жылға 7 пайыздық сыйақы мөлшерімен беру қарастырылған....
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 137 Уақыты: 19.10.2018

Орман - халық байлығы

Мемлекеттің басты байлығы саналатын табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды сақтау адамзаттың қастерлі парызы саналады. Өйткені, келешек ұрпақтың ырыс-құтты, бақ-берекелі болуы бізден қалған байлыққа тікелей байланысты. Сондықтан да «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілге сүйеніп, табиғи қорларды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл жағынан алғанда шаншыған шыбық өніп кететін Жетісу жерінің азаматтарына артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Алматы облысының мемлекеттік орман қоры 3,7 миллион гектарды құрайды. Оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,5 миллион гектарға тең....
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 89 Уақыты: 17.10.2018

ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

Облыстың аумағында былтыр 1355, ағымдағы жылдың 9 айында 1177 өрт орын алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен сөз болды. Үстіміздегі жылы төтенше жағдайлар департаментінің есеп беру кезеңінде тұрғын секторда 794 өрт оқиғасы тіркеліп, 48 млн. 289 мың теңге материалдық шығын шықты. Ол жалпы өрт санының 67,4 %-ын құрады. – Облыста жыл басынан бері тұрғын үй секторында 13 адам газбен уланған. Оның басты себептерінің бірі – азаматтардың жылыту жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын дұрыс сақтамағаннан. Бұл жағдайлар көбінесе тұрмыс жа...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 76 Уақыты: 17.10.2018

Бүлікшілер ғаламторда белсенді

Алайда ел ішінде тыныштықты, бейбітшілікті, тұрақтылықты көп көретін бүлікшілдер ара-тұра бой көрсетіп қалады. Жақында ғана әлдебір екі лаңкес сонау Сириядан қазақ еліне бейнежолдау арнап, Қазақстан билігіне қоқан-лоқы көрсетті. Онда да мектепке хиджаппен бармақ болған оқушы қыздарға тыйым салған Білім және ғылым министрі сынға алынды. Бүкіләлемдік интернет желісінің «YouTube» арнасына салынған бейнежолдау орыс тілінде жазылған. Өздерінің Қазақстан азаматтары екендігін айтқан әлгі бүлікшілер жалғыз еместігін, қастарында ақтөбелік, атыраулық және оралдық «браттарының»...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 117 Уақыты: 15.10.2018

СӘБИЛЕР ЖАРЫСТЫ

Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» отбасылық байқауын өткізді. Оған аумақтық ұйым төрағасы С. Әбдіқадыров, Алматы облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Д. Қыдырбаева, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінен 8 отбасы және жастар кеңестерінің төрағалары қатысты. Шараның мақсаты – бала күтіміне байланысты демалыстағы аналарға көңіл бөлу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Сондай-ақ, баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 144 Уақыты: 02.10.2018

Өзара ынтымақтастық

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Олжабаев аумақтық басқарма мемлекеттік қызметкерлерімен семинар-жиын өткізді. Оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері, мемлекеттік органға жиі жүгінетін үкіметтік емес ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Семинарда мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 187 Уақыты: 16.09.2018

Оқи отырыңыз