ТЫНЫШТЫҚ, ІЗГІЛІК ТІЛЕДІ

     Талдықорған қаласындағы Иоанн-Богослов храмында православтық дәстүрлі Рождество мерекесі аталып өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, жиналғандарды осы жарқын күнмен құттықтады.


    Талдықорған шіркеу округінің иеромонахы қасиетті Клавдиан (Поляков) келген қонақтарды православтық дәстүр бойынша нан, тұзбен қарсы алып, ізгі тілегін білдірді.
– Жаңа жылда баршаңызда мықты денсаулық және табыс, сәттіліктер болсын. Мейірімі мол Құдайдан біздің еліміздің тыныштық пен бейбітшілікте болуын тілеймін. Мен баршаңызды Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Құдайдың жүрегіміз бен жанымызға тыныштық бергенін қалаймын», – деді иеромонах.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сөз алды.
– Адамның  жүрегіне махаббат пен ізгілікті, мейірімділікті ұялататын мереке – Рождествоға орай менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бұл моральдық құндылықтар баршамызға ортақ болып табылады. Олар көп ретте басқа діндердің моральдық негіздерімен де үндес болып келеді. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемнің көптеген елдеріне этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі болды. Православие, басқа дәстүрлі дін өкілдерімен қатар, қазақстандықтардың рухани денсаулығын нығайтуға, олардың бойында патриотизмді қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары. 
    Рождествоны мерекелеу барысында сыйлық тарту дәстүрі қалыптасқан. Соған орай барлық мерекеге қатысушыларға шіркеу жанында жұмыс істейтін жексенбілік мектеп оқушылары дайындаған театрландырылған қойылым ұсынылды. Өз кезегінде, әкім орынбасары қойылымға қатысушылар мен кішкентай көрермендерге сыйлық табыс етті. 

Айдар ҚАЛИЕВ.

Оқи отырыңыз