Жерді тиімді падалану жолы

Жерді тиімді падалану жолы
Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау барысын қадағалайды. «Жер туралы» Заңның бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіруді назарда ұстайды. Сондай-ақ, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осыған орай,  облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы биылғы 4 мамырдағы №151-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады.
Түсіндіру жұмыстарының ауқымы кең, міндеті салмақты. Өйткені,  Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі кейбір өзгерістер мен толықтыруларды әлі де толық түсінбей жүргендер көп. Сондықтан, азаматтар өз құқығын білуде, оны лайықты пайдалануда ақсап жататыны да жасырын емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауға қатысты баптардағы болған өзгерістер мен толықтыруларды нақтылап түсіндіріп, назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім. Алдын ала айта кетсек, Жер кодексіндегі көп өзгерістер маңызды құжаттың 145, 146, 147, 148- баптарында көрініс тапты. Себебі, бұл баптарда жерді пайдалану мен мемлекеттік бақылауға қатысты мазмұндар толық қамтылған. 
Сонымен, айтар ойымызға оралатын болсақ, 145-баптың  1-тармағы: «1. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және өзге де уәкiлеттi органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады», – деген жаңа редакцияда жазылды. 146-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі алынып тасталды. Екінші және алтыншы бөліктер: «Орталық уәкiлеттi орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады», «Орталық уәкілетті орган ведомствосының, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады», – деп өзгертіліп жазылды. 
Сондай-ақ, 147-баптағы тақырыбы: «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің функциялары» деп жазылса, осы баптың 1 тармақтың 1) тармақшасы: «1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына», – деп өзгертілді. Ал  2-тармақтың бірінші абзацы: «Жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган (осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа кезде)», – деп өзгертілді. Осы баптың 1-1) тармақшасы: «Аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына» деп, 2-2-тармақ: «Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, атап айтқанда:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақытылы және дұрыс жүргізуіне;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуына;
3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді», – деген жаңа редакциямен жазылды. 
148-баптың 1-тармағының 4 тармақшасындағы «алып қоюға» деген сөз «нысаналы мақсатын өзгертуге» деген сөзбен толықтырылды.
Жоғарыдағы көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне де өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Атап айтсақ, 710-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында: «137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында)» деген сөздер «137» деген цифрлармен ауыстырылды. Сол баптағы «338» деген цифр алынып тасталды. 729-баптың бірінші бөлігі «320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «338» деген цифрлармен толықтырылды. 
Әрине, жер – тіршілік өзегі. Сондықтан жерді пайдаланудың жолдарын толық білмеу өмірдің өзегінен айырылғанмен бірдей. Сонымен қатар, көптеген тұрғынның заңға салғырт қарайтыны белгілі. Оларға заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде түсіндіріп отыру – біздің міндетіміз. Ал заң білген ұтылмайды. Ендеше, заңдағы өзгерістерді ұтымды пайдаланып, оны тұрмысымызға жарата білейік. 
 
М. ЖҮНДІБАЕВ,
облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
басқармасының бөлім басшысы

Оқи отырыңыз