Періштелер қайғырған күн

Жетімнің көзі жасты екен, Удан да дәмі ащы екен. Әкенің мұз ба жүрегі, Ананың бауыры тас па екен? Осы әнді естігенде жүрек сыз­дап, жан жылайды еріксіз. Бірақ бұл бейнебаянда анасы жаңа туған нәрестесін балалар үйінің алдына әкеліп тастап кететін. Тағдыр дедік, аядық. Өкінішке қарай, осы жағ­дай бұл заманда жиі кездеседі. Баласын көліктің ішінде босанып, анасы терезеден тас жолға лақ­тырып тас­тағанда жанымыз қатты түршік­кен еді. Жас дедік, кінәні анасынан көрдік. Бұл оқиға талайға сабақ болар деп едік, қайғы есе­ленді. Енді сәбиін туа салып әжет­ха...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 369 Уақыты: 30.07.2016

Наша – қорлық

Көзінің алды көгеріп, білеуленіп ісіп кеткен. Бір кездері ағы мен қарасы ап-анық көрініп, қарашығынан от шаша қарағанда: «Осы баланың жанарында от бар, түбі осал азамат болмайды», – деген ойды еріксіз санаға оралтатын. Ал қазір ше? Ұсақ тамырлары жарылып, қанталап тұр. Бұл азығын табарда азуын ақсита ырылдап тұрған бөрінің немесе ырыздығын қиядан көргенде көзі қанталап кететін қыранның жанары емес, өз қолымен жасаған дерттен жанын қоярға жер таппай қиналған жанның кескін-келбеті. Сонау бір жылдары ағайын-туысы сенім артқан, жалын атқан жанары жасаурап, қарға адым жер бұлдырап...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 256 Уақыты: 02.07.2016

«Жетісу» үшін жаралған

Жүрегіне ыстық, жанына жақынқасиетті қара шаңырақпен қоштасып тұрған талай журналиске: «Жетісуың» ойыңда, бес қаруың бойыңда жүрсін», – деген дәстүрлі тілекті жалғастырып ескерткіш сыйлық ұсынған, жайдары мінезі, жылы жүзімен есте жүретін аяулы бір жан бар. Ол жасқа да, жасамысқа да аялы алақанын созып, қамқоршы, ақылын айтып сырлас, мұңдас бола біледі. Олотыз бір жыл ата басылымда қалам тербеді, қаншама қауырсын қаламды түзеді, шәкірт тәрбиеледі. Ол әрбір тақырыпқа, сөзге тіпті, әріпке дейін ерекше мән береді. Осының барлығын қырағы көз, таным-талғамы терең оқырман үші...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 271 Уақыты: 28.06.2016

ИЕК АСТЫНДАҒЫ ИЕҺОВА

Үскірік аяз шарпыған қыстың көзі қырауда жылусыз отырған жұпыны үйлерге тонналап тегін көмір түсіріп кететін қайырымды жандарды кездестіріп пе едіңіз? Тіпті, сенбейтін де шығарсыз. Ал иланғаннан күннің өзінде мұндай ізгілікті адамдарға ерекше таңданыспен алғыс жаудырып, аяғына жығыла салуыңыз бек мүмкін. Неге дейсіз ғой? Өйткені, сіз де, біз де мына қоғамда қайтарымсыз қайырымдылық жасайтын шын мәніндегі жомарттарға шөліркеп жүрміз. Біздің қоғамның мұндай аңсарын әлгі жақсылық жасағыш жымысқылар жақсы біледі және осы осалдығымызды ұтымды пайдаланады. Олар бір қарағанда ғана осындай қайырымды,...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 406 Уақыты: 20.06.2016

Базар жағалаған бауырлар

Сонау тоқсаныншы жылдардың басындағы аумалы-төкпелі кезеңде елдің көбі жабайы базардың арқасында нан тауып, бала-шағасын асырап-бақты. Ол тұста қолма-қол ақша болмаса да айырбас жасауға мол мүмкіндік болған-ды. Күнкөріс үшін сан­ды­ғының түбінде сақтаулы жатқан құнды деген заттарын базарға шығарып, саудалап отырған әйелдер бейнесі бүгінде біртіндеп ұмытылып келе жатқаны сізге байқалмай ма? Саудагерлер азайып жатқан жоқ. Есесіне күн санап көбейіп келеді. Тек әйел затының орнын ер-азаматтар алмастырды. Әсіресе, жастар жағы көбейген үстіне көбеюде. Бұл – көпшілік үшін қуанарлық іс е...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 316 Уақыты: 11.06.2016

Жарамсақтық жат қылық

Ақ пен қарасы қатар жалғанда жер басып жүрген жандардың да түр-түрі бар. Мен оны әр күннен алған қилы көріністерден, тоқсан тіршіліктің қат-қабатынан көрдім. Иә, білгенім замананың бүгінгі бейнесі. Адамдардың сан алуан мінезі. Жаратушымыздың пейілімен жұмыр жерге түскен пенделердің бірі ақкөңіл арайлы, екіншісі қан қақсатар талайды. Бірі шын жүрегімен жанашырлық танытады, енді бірі сырттай сыпайы болғанымен іштей арам оймен арытады. Осындай пиғылдардың кесірі көпке тиеді. Қаншама жүрек азап тартып, қаншама жанарға мұң ұялады. Бүгінде алдыңа күліп тұрып, артыңнан сөз айтатын, көзіңе мақтап, өзг...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 442 Уақыты: 11.06.2016

Еңбекпен еленген әулет

Өмірге келген әрбір жан бойындағы бар мейірімі мен асыл қасиетін сарп етіп, жүрек қалауы­мен өзінің шағын мемлекетін құрып қана қоймай, болашақта ел сенімін ақтайтын алтын асықтай ұл мен қызды тәрбиелеуі тиіс. Ол тікелей ата-ана алдындағы негізгі міндет. Ал әрбір киелі шаңы­рақ­тың өзіне ғана тән қағи­да­лары мен ережелері бола­тыны бесене­ден белгілі. Өмірінің әр күні мен сағатын еліне арнаса да отбасы­ның амандығын, бірлігі мен ынтымағын өзіне артылған зор жауапкершілік пен сенім деп білетін біздің кейіпке­ріміз бұл тақырыпқа келгенде таңды таңға ұрып әңгі...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 361 Уақыты: 11.06.2016

Мың бұрала биледі

Талдықорған қаласының «Атамекен» мей­рам­ханасында “Тәуелсіздік балы” өтті. Об­лыс­тық Жастар саясаты мәселелері басқар­ма­­сы­ның ұйымдастыруымен осымен үшінші мәр­­те қы­лықты қыздар мен ұлықты ұлдар мың бұ­ра­ла биледі. Егемендігіміздің 25 жыл­ды­ғына орай ұйым­дас­ты­рыл­ған бал­дың өзіндік ерек­шеліктері болды. Ша­раға арнайы ат басын бұрған об­лыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Өнербаев жастардың шы­ғар­машылығына табыс тілеп, келе­шекте де өнерлерімен там&...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 501 Уақыты: 07.06.2016

Жартастар аллеясы

Үш жүз миллион! Тәп-тәуір сандық көрсеткіш. Осындай алашағыңыз болса шақшадай басыңыздың бақыттан, бәлки, шыр-шыр айналары хақ. Бақыт ақшада емес десеңіз – оған да мақұл! Ал мұндай берешегіңіз болса, ол енді басқа әңгіме. Осылайша, қай қапталдан келсеңіз де үш жүз миллионның төрт тағандап жатқан көзге ерекше төбел сан екенін бағамдайсыз. Ал осы үлкен көрсеткішті жылмен қайырсаңыз –толағай тарих. Трапеция пішінді аңғардың тік, құлама қатпарларынан тасқа айналған сүйектерді тауып алуыңыз да кәдік емес. Бұл киелі Жетісудың жеті кереметінің, одан асып ұлан-ғайыр Ұлы Дала жауһарларының...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 898 Уақыты: 04.06.2016

Қыздың көркі әшекей

Қашанда киімге ерекше талғаммен қарайтын қыз-ке­лін­­шектер үнемі стиліне өзгешелік енгізіп, болмаса қа­лауын тап­сырыспен тік­тіруге құмар ке­леді. Сұлу­лық­тың сырын мең­герген кәсіби ма­ман­дар мұн­дай сән­қой­лар­мен жұмыс істеу шабытты еселен­ді­ре­тіндігін жа­сыр­майды. Себебі, талғампаздардың көңі­лінен шығатын ерекше үл­гіні әзірлеу үлкен күш-жігерді талап етеді. Осындайда «Сұ­лулық әлемді құтқарады» деген тәм­сіл­дің шындыққа жана­са­тын­ды­ғын сан мәр...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 671 Уақыты: 04.06.2016

Оқи отырыңыз