Салт-дәстүрді жандандырды

Отбасы – ұлттық дәстүр, өнеге, мұра мен салт-сананың алтын ұясы. Отбасы күнінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» атты облыстық жас отбасылар байқауын ұйымдастырды. Көксу өзенінің жағасында өткен отбасылық жарыс тартысты, мәнді, қызықтылығымен ерекшеленді. Байқауға облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Райхан Серғазинова мен «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы – 2017» байқауының жеңімпазы Балтабек Қайырбекұлы әділқазылық етті. Жарысты ұйымдастырушылар атынан...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 206 Уақыты: 11.09.2018

Ата заңның мәні

Бірқатар қиындықтарды еңсеріп, біз бүгінгі таңда мызғымас мемлекет пен айбары асқан қуатты ұлтқа, «Мәңгілік ел» деп қадам басқан табысты елге айналдық. Қазіргі таңда ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, жүрегіміз бірге соғып, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Әрбір азаматы өзін тең сезініп, емін-еркін жайдары өмір сүретін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын дәлелдейді. Конституция Қазақс...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 55 Уақыты: 30.08.2018

Мақсат - мұғалім мәртебесін көтеру

Бірер күннен кейін мектеп оқушылары асыға күткен жаңа оқу жылы басталады. Қазіргі кезде жаппай өткен тамыз кеңесі жиындарынан соң ұстаздар қауымы жаңа міндеттемелер алып, оқу жылын бастауға әзірлік үстінде. Жыл соңына дейін облыс бойынша 9 мектеп жаңадан салынып, пайдалануға беріледі. Оның 7-еуі Білім күніне орай ашылады. Үш ауысымдылықты жою бойынша жұмыс жалғастырылады. Басталғалы отырған оқу жылында 45 524 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ. Соңғы жылдары білім саласында түбегейлі өзгерістер жүруде. Үстіміздегі оқу жылы да төмендегідей жаңашылдықтармен ерекшеленді. Мектепке дейі...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 342 Уақыты: 29.08.2018

Еңбегі ерен

Әрқашанда бағыт-бағдар беріп, қолдап отыратын адамды неге жақсы көрмеске?! Ең алдымен, дүниеге келген кішкене сәбиден бастасақ. Нәресте шыр етіп дүниеге келген сәтте оның алғашқы тәрбиешісі анасы. Өйткені, балаға дүниені тануға ана себепкер болады. Ал бала мектеп табалдырығын аттаған кезде алдымен қалам ұстатып, әріп үйрететін жан оның ұстазы. Яғни мектеп мұғалімі. Бұл баланың есінен ешқашан кетпейтін тәтті естелік. Шыны керек, ержетіп келе жатқан балаға әртүрлі тақырыпта ой қозғау оңай емес. Ұстаз – көп мамандықтар ішіндегі мейірімділікті, жан-жақты икемділікті қажет ететін мамандық....
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 229 Уақыты: 29.08.2018

Басты талап

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздар қауымы бас қосатын келелі тамыз кеңесі білім беру мекемелерінің жеткен жетістіктерін айқындайтын көркемдік маңызға ие көрмені тамашалаудан бастау алды. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан бұл шараға ауданның білім саласының қызметкерлері қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде маңызды ойларын өрбітті. Күн тәртібінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Оралханова кең көлемді баяндама жасады...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 228 Уақыты: 27.08.2018

Өзекті мәселелер қаралды

Облыстық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдегі жетістіктер мен көрсеткіштерді талқылаған облыс әкімі Амандық Баталов әр салаға жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына тапсырма берді. ҚР Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығын орындау мақсатында ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Жиында облыстық мәсл...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 117 Уақыты: 27.08.2018

ТЕГІН ТАСЫМАЛДАЙДЫ

Биылғы Құрбан айт мерекесіне орай еліміз ерекше дайындықтар жасауда. Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінің жамағаты 4 шақырымға жуық қашықтыққа марафонмен жүгіруді мақсат етсе, қаладағы 24-ші автобус пен такси қызметі тұрғындарды тегін тасымалдауды көздеп отыр. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкілдігі хабарлады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында өткен жиында жалпы Құрбан айт мерекесінің тарихы, мұсылман әлемі үшін алатын орны, құрбандық шалудың маңыздылығы жөнінде Қазақ...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 213 Уақыты: 22.08.2018

ДОСЫМА ХАТ

Аудандық газеттен дос тұтар сыныптасым Әсімхан Майлыбаев жайлы Нәзира Алымқұлованың «Ақынын алқалаған ауыл» мақаласын оқыдым. Онда Үмбетәлі ауылындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары, ауданның ақын-жазушылары шығармашылық кешіңді үлкен дайындықпен атап өткені жазылыпты. Арамыз алыс болмаса да екеуміздің әлдебір себеппен бір-бірімізбен тілдеспей кеткенімізге талай уақыт өтті. Менің ендігі үнсіз қалуым жарамас деп мерейтойыңа орай қолыма қалам алып отырмын. Сенің қуанышты күндеріңде өзіңе деген көңіл тебіренісімді газет арқылы жеткізуді жөн көрдім. Ақын Шекербек Садықанұлы...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 220 Уақыты: 22.08.2018

Тарихи атаулар қайтарылады

Ономастика мәселесі тіл саясатының басты бағыттарының бірі әрі бірегейі. Себебі мемлекеттің, ұлттың сипаты ең алдымен оның тілі мен ономастикалық атауларынан көрінеді. Жер тарихы – ел тарихы. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы, танымы, тағдыры елді мекен, жер-су атауларында жатыр. Осының өзінен-ақ мәселенің қаншалықты күрделі әрі өзекті екенін байқап, ономастикалық комиссияның атқаратын жұмысының ел мүддесі үшін маңызды екенін пайымдай беруге болады. Қазіргі таңда облысымыздағы аудандар мен қалалардың атаулары ономастикалық және атқарушы органдардың талаптарына толықтай сәйкес...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 259 Уақыты: 19.08.2018

Общественники проконтролируют строительство новых студенческих общежитий и процесс заселения в общежития

Глава государства в своем обращении к народу Казахстана «Пять социальных инициатив Президента» отметил, что в целях создания системы образования по мировым стандартам необходимо особое внимание уделять условиям обучения и проживания студентов. Во исполнение данной задачи в июне текущего года в рамках проекта «Карта общественного контроля» члены Специальных мониторинговых групп Агентства по делам госслужбы и противодействию коррупции провели рейдовые мероприятия, в ходе которых выявлен ряд фактов незаконного проживания посторонних лиц в студенческих общежитиях. Пр...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 212 Уақыты: 18.08.2018

Оқи отырыңыз