БОЛАШАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Дана халқымызда «Үш күндігін ойлаған әйел ақылды, үш жылдығын ойлаған еркек көреген, үш ғасырын ойлаған көсем кемеңгер» деген нақыл бар. Мәңгілік Ел болудың жолын көрсеткен Елбасымыз осындай кемеңгерлік танытып, кешенді бастама көтерді. Ол – 2025 жылдың соңына дейін толығымен латын әліпбиіне көшу мәселесі. Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін айтып, атқарылатын нақты шараларды көрсетіп берді. «Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 41 Уақыты: 28.12.2017

БАСТЫ МІНДЕТ - ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын орындау мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Нәтижесі жаман емес. Оған халықтың рухани жағынан жаңғырып, мәдениеттің өрлеп, қоғамның қайта түлеп жатқаны дәлел. Сондықтан көпшіліктің көңіл-күйін жоғары деңгейден түсірмей, биіктен көрсете білу ел азаматтары үшін ерекше маңызға ие. Мәртебелі міндеттерді жүзеге асыруға халыққа қызмет көрсету саласы мамандарының қосып отырған үлесін айрықша атап өткен жөн. Бұл жайлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық е...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 43 Уақыты: 28.12.2017

Әр шаңыраққа бақыт тілейміз

Құрметті жетісулықтар! Біздің еліміз өз тәуелсіздігінің жиырма алты жылы ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен аз ғана уақыт аралығында әлемдік экономика мен саясатта өзінің айтулы орны бар қуатты, беделді де белді мемлекеттердің біріне айналды. Тәуелсіз Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалдағы өсу мен өркендеуге, табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық түрлі байланыстарға қосылған өзінің ұлттық экономикасы бар және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ре...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 62 Уақыты: 15.12.2017

Екінші мәрте лауреат атанды

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының бас ғылыми кеңесшісі, медицина ғылымының докторы, профессор Ертай Сәрсебеков Елбасының 28 қарашадағы Жарлығымен ғылым мен техника саласында белгіленген әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Ертай Қожахметұлы 2005 жылы да ҚР Үкіметінің қаулысымен «Нарықтық жағдайларда жаңа тиімділігі жоғары технологияларды әзірлеу және жетілдіру модулі» атты ғылыми жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған жерлесіміз жазиралы Жаркент өңірінің тумасы. Талантты ғалым Ертай Сәрсебек...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 59 Уақыты: 15.12.2017

Журналистер марапатталды

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда бірқатар журналистер марапатталып, мереке аясында мерейлері өсті. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан қылқалам шеберлеріне шынайы алғысын білдірген облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Бердібек Берістемов: – Құрметті қонақтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елдігіміздің нышаны болған Тәуелсіздік күнінің биыл 26 жылдығын тойлап жатырмыз. Бүгінде қазақ елін жаһан...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 57 Уақыты: 15.12.2017

Ақиқат айтылмай қалмайды

Желтоқсан оқиғасының ел тарихындағыорны мен мәні жөнінде аз айтылғанжоқ. Бұл турасында тарихшылар, саясатшылар, көтеріліске қатысушылар тарапынан таратып айтылған, сарапқа салынған. Бүгінгі сөзіміз осынау ұлы оқиғаның «Жетісу» газетінің ұжымына қандай қатысы болды деген тұрғыда болмақ. Ол кезде Алматы облыстық «Жетісу» газетіне редактор қызметіне тағайындалғаныма бір жарым жылдай ғана уақыт болған. Алдымызға қойған жоспарымыз да, жасамақ жұмыстарымыз да көп еді. Желтоқсан оқиғасы соның бәріне өзінің түзетулерін енгізіп кетті емес пе? Біз бұл оқиғаның ерекшелігін бірд...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 67 Уақыты: 15.12.2017

Ата-баба аңсары

Сіз үшін тәуелсіздік деген не? Мүмкін,тыныштық орнаған бейбіт елде өмір сүру,аспанымыздың ашық болуы және ешкімге бағынышты болмау шығар. Әрине, тәуелсіздікті әркім өзінше түсінеді. Себебі, бір ғана сөздің астарында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы төккен тері мен қаншама боздақтардың көз жасы жатыр. Ал менің түсінігімде бейбіт аспан астындағы әр күнім – тәуелсіздік. Егер тәуелсіз ел болмасақ, бүгінгі азат күнді арман етер едік. Демек, әр атқан таңымыз бен қолдағы барымыз үшін тәуелсіздікке тағзым етуіміз керек. Бұл күнге жету жолында қазақ еліне сан мыңдаған жыл қажет болды. Уақыт...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 30 Уақыты: 15.12.2017

"Жетісудың" желтоқсандағы жетістіктері

Жұдырықтай жүректі қазақ руханиятының шырағданын одан әрімаздатуға арнаған әр қаламгердің, әр журналистің есімі мен еңбегітарих бетінде бедерленері шүбәсіз. Олар толайым табысқа кенелмесе де келешек ұрпақтың «жан азығын» қамдап жүрген бір-бір қайраткерлер секілді елестейді. Ақпарат айдынында тау-тау толқынды жылдарды артқа тастап, сан басылым жете алмаған ғасыр аралына жеткен «Жетісу» газеті де ұлттық рухы мол шынайы талант иелерін үкілеп, қайраткерлерді қалыптастырған ата басылымдардың бірі. Арғысы Алаш арыстарының қолтаңбасы қалған, бергісі қазақ әдебиетінің «...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 27 Уақыты: 15.12.2017

Бақыт таңы

Жанға батса кім қалады аянып, Жалын жастар бейне жейхун-дария. Жол шетінде ақ таяғын таянып, Жылап тұрды ақ сақалды қария. Аман ба екен нұр баталы абыз-қарт?! Буырқанса ел әділеттік іздеген, Бір ғана алаң тарлық етер сірә да. Бір Алладан медет сұрап мінбеден Бата берді ақ жаулықты бір ана. Аман ба екен ақ тілеулі кейуана?! Бір жас ұлан жарқ етті елең еткізіп, Зор үнімен қайырғандай түндікті. Жеті-ақ ауыз сөзбен айтып жеткізіп, Жетпіс жылда айтылмаған шындықты. Аман ба екен жаны жайсаң азамат?! Кіл жүйріктің құлағында ойнаған, Жауға шапқан қыздар аз ба даламда? Бір жас ар...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 26 Уақыты: 15.12.2017

Намыстан туған туынды

Ол әуелден ұлтының намысы үшін күресті. Халқының соңына тіркелген одағай да оғаш сөйлемдерді жаны қаламады. Нәсілі асыл жаратылыстың маңдайын күйелештеп, ақ жүзін әлеміш етіп жатқандарға сесті көзбен қарап қана қойған жоқ, көмейге келген сөзін, ақиқатын бүкпесіз айтып, бел бермеді. Сондай күрескерліктің көрінісін белгілі кинорежиссер Юрий Озеровпен болған оқиғадан көруге болады. Озеровпен бірге «Москва үшін шайқас» фильмін түсіріп жатқан. Кинорежиссер оған келіп: «Қалдыбай, шағын эпизодқа бола Алматыдан актер шақыртпай-ақ қояйын, солдаттың рөлін өзің сомда», –...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 71 Уақыты: 15.12.2017

Оқи отырыңыз