ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Кез келген саналы адамды ойландырар жайт – ұлттың болашағы. Бұл орайда жетісулық зиялы қауым руханиятымыз үшін жасалған оң қадамға мерейленіп, латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсетуде. Оған ағымдағы жылы атқарылған бірқатар іс-шаралар негіз болмақ. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен биыл өңіріміздің 70-тен астам елді мекенінде латын әліпбиіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қараша халыққа рухани жаңғыру, жандану арқылы өшкенімізді жандырып, жоғалтқанымызды қайтаратын бағытқа бет бұрғандығымызды, сөйтіп әлем алдындағы жаңаша үдеріспен дамығ...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 48 Уақыты: 29.12.2017

Жаңа әкім жұмысқа кірісті

Қаратал аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылып, онда Қайрат Бисембаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды. Кезектен тыс өткен сессияда аудандық мәслихаттың депутаттары облыс әкімі Амандық Баталов аудан әкімі лауазымына тағайындауға ұсынған Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Мұнан кейін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өңір активінің жиыны өтті. Жиында облыс...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 44 Уақыты: 29.12.2017

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуалиев, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, партияның облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Нүсіпбай Әбдірахым қатысты. Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы...
Толығырақ... Санат: МӘДЕНИЕТ Оқылды: 42 Уақыты: 29.12.2017

Ел рухын көтерген емен-жарқын жүздесу

Облыс әкімі Амандық Баталов халықаралық, республикалық байқаулар мен спорттық жарыстарда жеңіске жеткен жас әртіс, ақын-жазушылар мен спортшыларды қабылдады. «Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген қанатты сөз бар. Біздің облыста шығармашылық адамдарына ерекше қолдау көрсетілетіні рас. Бұл орайда жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен бірнеше жүздеген кітаптың жарыққа шығуы сөзімізге дәлел. Облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу жерінің киелі мекен екенін айта келіп, таланттардың көптеп шығуы топыраққа байланысты екеніне тоқталды. «Қаратал өңірінің өзінде 18 әулие жерленген. Бізд...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 48 Уақыты: 29.12.2017

Жаңа төраға сайланды

«Нұр Отан» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясының жұмысын партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров ашты. Жиынға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев қатысты. Мәулен Мұқажанұлы партияның аудандық филиалының бұрынғы төрағасы Алимжан Тохтасуновтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты төрағалық қызметінен босату туралы ұсыныс түскендігін, жаңа төрағалыққа Шухрат Нурахуновтың кандидатурасы ұсынылғандығын айтып, дауысқа салды. Партия мүшелері бірауыздан Шухрат Турдахунұлы...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 37 Уақыты: 29.12.2017

Жаһан назарындағы ел

Барша адамзат жер атты көгілдір ғаламшардың амандығынамүдделі. Өйткені, басқа бірде-бір ғаламшар адам баласынбауырына баса алмайды. «Туған жер» ұғымының кеңдігі де осыған саяды. Алайда өзекті пенде атаулы өзі өмір сүретін ортаның шаңын шығарып, қоқысын қопсытып тастауға құмар. Тұмса табиғаттың ту-талақайын шығарып, тап-таза суы мен ауасын ластаудан адамзаттың өзге жаратылыстарға орын бермейтіні тағы бар. Ең сорақысы – өзгені өлтіруге құмарлық әлі күнге толастамай тұрған қасірет. Соның жетегімен әлемде өзгелерді кемсітуге, басынуға бағыт алған басқыншылық идеясы бейбіт халықты...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 45 Уақыты: 29.12.2017

Арқаның ажары

Біздер кешегі көк түріктің ұрпағымыз. Анықтап айтсам, алысқанның жолын кесіп, жонын жұлдық, тайсақтап кері шегінуді, еңбектеп тізерлеуді білмедік. Татулықты ту еткен елмен етене араластық, қадірімізді білмеген жұртқа жуыған жоқпыз. Сыйласқанға құл болдық, сынасқанға иілген жоқпыз. Біз – кедей халықты бай, аз халықты көп қылған Күлтегін мен Тоныкөктің ізбасарымыз, жарты әлемге патшалық еткен көне ғұнның ұрпағымыз. Алтын адам боп алысқа асқақ қараған сақ пен үйсіннің сынығымыз. Алаш ұранымен қиқулап атқа қонғанда рухтанып кететініміз ақиқат. Қайсы қасиетімізді айтайық, қысқасы, ен даланы е...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 32 Уақыты: 29.12.2017

Перзенттік парызын өтеген

Мұрат Көмекұлы әдеттегіден тым ерте оянып, жолға дайындала бастады. Мақсаты – айқын. Ауылдағы аңқылдақ ағайынға қолдан келгенше көмек көрсету. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы азаматтардың туған жерге көңіл бөлу жайлы ойы бұрыннан ойында жүрген мақсаттарына қозғау салды. Расында ол Райымбек ауданының адамдары тұрмақ, тау-тасын да сағынып тұрады. Туған ауылына бір септігі тиіп жатса көңілі марқайып қалатын әдеті бар. Әрбірден кейін, балапан қанатын ерте қатайтып, еңбекке баулыған да сол ауылы емес пе?! Үлкен өмірге араласқаннан...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 36 Уақыты: 29.12.2017

Ел ырысы еселенді

Биыл жыл басынан 1 тамызға дейінгі аралықта елде 517 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Бұл өткен жылы 467 кооператив құрамыз деген Ауылшаруашылық министрлігінің жоспарынан асып түсті. Облыста бұл жұмыс өткен жылдан жаңа қарқынмен жүргізіліп, барлығы 430 құрылтайшының бірігуімен 53 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылға дейін 60 мың агросубъектілердің бірігуімен 600-ден астам ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарда бар. Осы ретте Алакөл ауданында былтырғы индикативті көрсеткіштерінің пилоттық жобасы бойынша 7 кооператив құрылып, жоспар артығымен орынд...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 22 Уақыты: 29.12.2017

Жүз жасаған «Жетісу»

О, менің, әз қария басылымым, Көтерген алты Алаштың асыл үнін. Абызым жүзге келген шабыт беріп, Көңілім, жеті өзендей тасы бүгін. Жетісу – жер жаннатым, жерұйығым, Керіліп жатқан ғажап кермиығым. Өзің аттас газетім жүзге толып, Мінеки, алып жатыр төр биігін. «Жетісу» – шежіресі тарихымның, Сен арқылы өлкемді танитынмын. Өзіңнен рухани азық алып, Алмас қылыш намысты жанитынмын. О, менің, «Жетісуым» әз қария, Жүзге келіп толқыған көл-дария. Жаңбырмен шөлін басқан шөл даладай, Жігер алар өзіңнен әр жанұя. Жасай бер, «Жетісуым»...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 22 Уақыты: 29.12.2017