Тамаша той тартуы

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толады. Ата-бабаларымыз осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, бастарын бәйгеге тігіп, ел мүддесі жолында жандарын құрбандыққа шалды. Тоталитарлық жүйенің тепкісіне терідей иленген қаншама қайраткерлеріміз абақтыда жазықсыз ұсталып, олардың үрім-бұтағы қуғын-сүргін көрді. Арғы тарихты қозғасаң, елім деп ер жастанып, аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен баһадүр бабаларымыздың ұлан-ғайыр даланы қорғаудағы жансебіл ерліктері еске түседі. Сан сойқанды басынан өткеріп, ел еркіндігі үшін жанын шүберекке түйген қарға тамырлы халық үшін ХХ...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 748 Уақыты: 24.10.2016

Өлең сөздің зергері

Халықтың жүрек түбіндегі сөзін дөп басатын, сұлу табиғат пен адам жанын егіздей жырға қосатын ақындар көп. Сәкен Сейфуллиннің «Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері» деген сөзінің астары тым тереңде. Осындай қара сөзден қамшы өрген, адам жанына қажеттіні ақ параққа қара сөзбен төгілткен ақындардың бірі – Жомарт Игіман. Ақынның бала күннен кітап оқуға деген ынтасы күні бүгінге дейін артпаса кеміген емес. &la...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 563 Уақыты: 24.10.2016

Азат елдің аспаны

Көк – киелі. Кейде көк пен көңілден асқан шексіздік ұғымы жоқтайкөрінеді бізге. Расында солай. Көңіл көзімен көк жүзін шарлап, қиял құсымен он сегіз мың ғаламды аралап кететініміз ақиқат. Алайда екеуінің де шегіне жеткен емеспіз. Қазақтың сол қиялының жүйріктігі шығар, аспанды әлдеқашан ертегілерімен, аңыз-әпсаналарымен аралап қойғаны. Ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық аңсарымыз – тәуелсіздік қолымызға тигелі ертеден жеткен ертегілеріміз іс жүзінде тәжірибемен ұштасты. Ұштастырған – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Үшеуі де Ұлы Даланың алып таулары і...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 298 Уақыты: 24.10.2016

Тазалық татулықтан басталады

2011 жылы Талды­қор­­ғанның Тәуелсіздік көшесінде орналасқан 91/95 нөмірлі үйге тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған дейін аталмыш шаңырақтың шатыры тесіліп, қабырғасы шытынап, күйреген күйде болған еді. Сөйтсек, көне үйге 34 жыл бойы жөндеу жұмыс­тары жүргізілмепті. Ал бүгінде үйдің келбеті сәнді. Осы арада «Арна-Н» пәтер иелері кооперативінің төрайы­мы Нәзигүл Рахымбекованың атын ерекше атап өтуге болады. Тұрғындар татулығын сақтап, тазалық үшін жанын салып жүрген жанның жұмысы да жемісті. Тұрғы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 378 Уақыты: 20.10.2016

Қазақ киносының құлагері

Ұлы Дала еліне небір дарындарды берген ақындар мен батырлар жұрты тағы бір перзентін ұлықтады. Қазақ киносының классигі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл толуы режиссердің туған жерінде аталып өтті. Белгілі өнер қайраткерлері қазақ киносының құлагері жайында өз естеліктерімен бөлісті. Бүгінгі кино өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан бірегей дарын иесін мәңгі есте қалдыру шаралары жарасымды жалғасын тапты. Алдымен Жаңақұрылыс ауылындағы А. Қарсақбаев атындағы орта мектепте мұражайы ашылды. Бұл мектеп ғимараты биылғы оқу жылында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен салтанатты жағдай...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 387 Уақыты: 20.10.2016

Балабақша ашты

Әрбір перзент өзінің кіндік қаны тамған жерге титтей де болсын жақсылық жасап, шапағатшы болуы тиіс. Жазиралы өлкеде өмірге келіп, кейін Алматы қаласына көшіп, Іле ауданында өздерінің отбасылық кәсібін дөңгелентіп жүрген Қайрат – Ләззат Раевтар жаркенттік бүлдіршіндерге арнап балабақша салды. Жақында 173 миллион теңгеге Жаркент қаласының солтүстік шетіндегі жаңа құрылыс телімінде екі қабатты, 180 орынды заман талабына сай балабақша бой көтерді. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев қатысып, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып, 73 адамды жаңа жұ...
Толығырақ... Санат: Ақпарат жоқ Оқылды: 362 Уақыты: 20.10.2016

Жемқорлық -жегіқұрт ондай қылмыс жазасыз қалмайды

Биылдың өзінде облыста 350 мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа жол бергендігі үшін жауапқа тартылған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыс­тырғанда 30 пайызға көп. Мұндай ақпар облыстық әкімдікте Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев пен мыңнан аса мемлекеттік қызметші бас қосқан кездесуде айтылды. Өңірде жемқорлықпен ұстал­ғандар көшін әкімдіктер мен ішкі істер органдарының бастап тұрғандығы мен заңды бұзушылықтың Талдықорған, Алакөл және Іле аудандарының мемлекеттік қызметкерлері арасында жиілеп кеткендігі...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 375 Уақыты: 18.10.2016

Інжір мен анар өсіріледі

Облыста анар, інжір сияқты субтропиктік климатқа тән жеміс ағаштары өсіп жатыр десе сенесіз бе? Әрине, сенбейсіз. Біз де басында сене қойған жоқпыз. Бірақ... Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген селолық округіндегі «Қожа» шаруа қожалығының алқабына барғанда бұл ойымыздың асығыстық екеніне көз жеткіздік. Күздің қара суығында өсіп тұрған анар мен інжір жемісін көргенде таңданысымызды жасыра алмадық. Қолымызбен ұстап, тіпті дәмін де таттық. Тіл үйіреді. Біздің әр қимылымызға зер сала қарап тұрған шаруа қожалығының иесі Нұраддин Маткаримов екі езуін жияр емес. «Айттым ғой сендерг...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 459 Уақыты: 18.10.2016

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Өңірлік коммуникация қызметініңұйымдастыруымен Сарқанауданының тыныс-тіршілігін көріп қайттық. Облыс орталығынан барған бір топ тілшілерді күтіп алған аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың бастауымен Сарқан қаласын аралап, өркенді істерімен таныстық. Ауданда өткен жылдарға қарағанда өзгеріс елеулі. Биыл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталған жыл. Осыған орай Сарқан ауданында атқарылған істер ауқымды. Елді мекеннің экономикалық өсімі де өнімді. Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші бағытын жүзеге асыруда инвес...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 388 Уақыты: 18.10.2016

Үлкен арман болу керек адамда

Бүгінгі қоғамда жақсы адамдар көп. Біз оның бірін білсек, екіншісін көрмей жатамыз. Жүрегі жақсылыққа құмар жандардың бір ғана мақсаты бар. Ол – адамдарға көмек беру. Сондай жанның бірі өз ісін бастап, шама-шарқы келгенше тұрмысы төмен, көп- балалы отбасына қайырымды іс жасауға талпынып жүрген Ажар Қыдыралина. Жақсы адам жайлы естіп, көпшілікке игі ісін насихаттап, жұмыла жүріп жақсылық жасауға көпшілікті шақыру мақсатында қоңырау шалдық. Тұтқаның арғы жағынан естілген дауыстан ерекше мейірімділікті байқадық. Кездескенде нәзік жанды болса да, ер-азаматқа тән істі бастаған аяулы жанға р...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 465 Уақыты: 18.10.2016