Шелекке көгілдір отын келді

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облысымыздың әр аймағында жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Міне, осындай жайдарман жаңалықтар Еңбекшіқазақ ауданында да өз жалғасын тапты. Осыдан біраз бұрын аудан орталығы Есік қаласына көгілдір отын келіп, мұндағы жұртшылық ерекше қуанышқа бөленген еді. Енді сол мерейлі күн Шелек ауылының тұрғындарына да жұғысты болды. Халық тығыз орналасқан ірі елдімекен үшін бұл әрине, айтулы оқиға. Олай дейтін себебеміз, шелектіктер табиғи газдың келуін талайдан бері тағатсыздана күткен болатын. Қуаныштың ерте, кеші жоқ деген осы. Алғашқы газ алауын...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 300 Уақыты: 01.12.2017

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТЕРІ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнінде өңірімізде бірнеше әлеуметтік нысандар ашылды. Солардың қатарында Қаратал ауданында қолданысқа берілген учаскелік полиция пунктері де бар. Дәл осы күні ауданда 4 нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бірінші болып Ескелді ауылдық округі Ескелді ауылында орналасқан Қаратал аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің №5 учаскелік полиция пунктінің ашылуына ауыл тұрғындары жиналды. Алғашқы сөздің тізгінін алған Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев:-Бүгінгі үлкен мереке – тұғыш Президент күні құтты болсын. Е...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 281 Уақыты: 01.12.2017

ОН СЕГІЗ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫННЫҢ ЖАҢА ПӘТЕРІ

Қазақстанның он сегіз миллионыншы тұрғыныМуслима Саматқызына мереке қарасаңында облыс әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстады. Қазақстанның он сегіз миллионыншы тұрғынымен қатар 100-ден астам талдықорғандықтар жаңа пәтерге ие болды. Олар енді Талдықорғанның оңтүстік-батыс ауданында жаңадан бой көтерген 55 пәтерлі коммуналдық және мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған 64 пәтерлі тұрғын үйде тұрады. -Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріп жатыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңы...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 222 Уақыты: 01.12.2017

Жерлестеріміз үмітті

Облысымыздағы төрт кәсіпорын Президент жүлдесіне үмітті. «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын 6 желтоқсан күні Астанада жариялайды. Отандық нарықты сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, отандық және халықаралық стандарттар негізіндегі сапамен қамтамасыз етуді мақсат еткен байқаудың марапаттау рәсімі «ЭКСПО» конгресс-орталығында өтеді. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының тауардың шығу тегі жөніндегі маманы Бибігүл Омарованың айтуынша, «Алтын сапа» Президент жүлдесіне өңірдегі «АбдиИбрахим...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 289 Уақыты: 30.11.2017

Жастар көшбасшылары марапатталды

Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2017» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі сыйлық 17 номинация бойынша тағайындалып, жеңімпаздарды облыс әкімі Амандық Баталов марапаттады. Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі А. Баталов: - Елімізде жастар саясатына маңызды бағыт ретінде ерекше көңіл бөлінген. «Жеткіншек буынның Тәуелсіздік идеалдарына адал болатынына, Отанымыздың табыстарының эстафетасын жалғастыратынына сенімім мол», - деп, Елбасы жастарға үлкен сенім артты. Бүгінде елімі...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 341 Уақыты: 30.11.2017

ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ БАСТАУЫ

Елбасының биылғы жылы халық назарына ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыс жоспарына 29 ірі жоба енгізілген. Солардың қатарында, біздің Қарасай ауданындағы Райымбек ауылдық округіне қарасты Қырғауылды ауылының аумағында орналасқан «Батыр бабалар» мемориалды музейі бар. Алматы қаласына және қазыналы Қарасай жеріне келген қонақтар мен туристердің, тұрғылықты халықтың, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қызыға келіп тамашалап, танымдарын к...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 317 Уақыты: 30.11.2017

ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Күні кеше ғана пайдалануға берілген Талдықорған қаласындағы Көрме кешенінде облыстық «Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы» атты үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған айтулы шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, халықаралық ҮЕҰ өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері қатысқан шараның әлқиссасы баспасөз отырысымен басталды. Онда «Enactus Kazakhstan»...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 260 Уақыты: 29.11.2017

Қолдаушыңыз бір Алла

Табанымда – жер бесік, шаңырағым – көк аспан, Байтағыма бұрылып, бой түзеді адасқан. Нұрсұлтанның қолымен көзін ашқан бұлақтар, Шөлдегенге шапқылап шаттығымен жарасқан. Күн шырақты жап-жарық, ынтымақтыел ордасы, Жүз ғасырда бір туар жұрты сүйген Елбасы. Салтанаты Саммиттің, Азиада алауы, Бүкіл ғалам тамсанған бостандықтың олжасы. Бабаларым баһадүр, жеріме еткен иелік, Көкірегім шаттықтан күмбірлейді күй еніп. Желге қарсы төс керіп, Мұзбалақтай зауладық, Ұлы рухтың шалқыған шабытына сүйеніп. Жетім қозы бермеуге жалаңдаған қасқырға, Найз...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 245 Уақыты: 29.11.2017

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР АЛДЫ

Облыс әкімі Амандық Баталов өлкемізде баспанасы мен жұмыс орнын біріктіретін жаңа үлгідегі полиция пункттерін салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Облыс бойынша дәл осындай 220 ғимарат бой көтереді деп жоспарланған. Қарасай ауданына қарасты Әйтей және Райымбек ауылдық округтерінде екі полиция пунктінің ашылу рәсімі өтті. Шараға облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айдар Балтағұлов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Даниярұлы қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Айдар Ізбасарұлы...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 208 Уақыты: 29.11.2017

ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ

Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы «Ел тірегі – Елбасы» атты салтанатты жиын өткізді. Мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан шара аясында «Нұр Отан» партиясының қатары толығып, жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелері марапатталды. Көпшілікке аталып келе жатқанына 5 жыл толған 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығы...
Толығырақ... Санат: Ақпарат жоқ Оқылды: 99 Уақыты: 29.11.2017