ХАЛЫҚ ТА, САҚШЫ ДА РИЗА

Жер көлемі үлкендігінен елді мекендер арасының бір-бірінен қашық орналасуы Жамбыл ауданындағы учаскелік полиция қызметкерлеріне едәуір қиындық тудырып келген еді. Енді бұл қолайсыздық еңсерілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында бірнеше ауылда телімдік инспекторларға арналған тірек қосындары ашылды. Атап айтқанда Сарыбай би, Жамбыл, Қарақыстақ, Мәтібұлақ, Самсы, Үлгілі, Шиен, Сұраншы батыр, Б. Қыдырбекұлы, Мыңбаев, Үмбетәлі ауылдарында салтанатты жағдайда пайдалануға берілсе, ал аудан орталығы Ұзынағаш ауылында учаскелік инспекторларға арналған үш бірдей тірек пунктінің лентасы қиылды. Қызмет орн...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 56 Уақыты: 14.12.2018

МЕШІТ - ІЗГІЛІК ОРДАСЫ

Жақсы іс жан қуантады. Осыдан он екі жыл бұрын құрылысы басталып, кейін қаражат жетіспеушілігінен тоқтап қалған мешіт ғимараты қайта көтеріліп, қала тұрғындарын қуантты. Заманауи үлгіде әсемделген Алла үйінің ашылу салтанатына қала тұрғындары қатысып, рухани шараға куә болды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының дін істері және талдау бөлімінің басшысы Нұрбек қажы Әуезханұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Халық Қаһарманы”, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдар...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 64 Уақыты: 14.12.2018

ЖЫЛЫНА 21 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Жыл сайын желтоқсандағы екі үлкен мереке аралығында еліміз бойыншаөткізілетін Жалпыұлттық телекөпірде республика аймақтарында экономиканың дамуына серпін беретін ірі кәсіпорындар іске қосылады. Мұндай игілікті істі Тәуелсіздік тартуы деп бағалау дәстүрге айналған. Биылғы «Индустрияландрудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» деген атаумен ұйымдастырылған Жалпы ұлттық телекөпір барысында жұмысқа кіріскен индустриялды-инновациялық жобалар арасында құрылысы басталғалы біраз болған, содан бері ел құлағын елеңдетіп отырған «Маревен Фуд Тянь-Шань» трансұлттық компаниясы...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 66 Уақыты: 14.12.2018

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨШІ-ҚОН ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Алматы облысыІле ауданындаМиграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Енді осы орталық арқылы еңбек мигранттары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Салтанатты іс-шараға «Азаматтарға арналған үкіметтің»облыстық филиалыдиректорының орынбасары Ілияс Талғатұлы, облыстық көші-қон қызметінің басшысы Ержан Алтаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментібасшысының орын...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 115 Уақыты: 14.12.2018

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОТЫЗ КҮН ОЙНАЙДЫ

Талдықорғандағы "Жастар-2" залында ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыстық басқармалар мен мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан облыстық турнир басталды. Оған облыс әкімінің аппараты, 14 облыстық басқарма қызметкерлерінен жасақталған 8 команда, 90-ға жуық спортшы қатысуда. Бұл сайыстың ерекшелігі биыл басталған жарыс қаңтардың 11-ші жұлдызында аяқталмақ. Шараның мақсаты Елбасының сарабдал саясатын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді спортқа көптеп тарту. Жиын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбае...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 67 Уақыты: 14.12.2018

ШАҚАЛАҚТЫҢ ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРЕДІ

Талдықорғанда балалардың неонатальді хирургия орталығы ашылды. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары дүние есігін жаңа ашқан шақалақтардың денсаулығында кілтипан жиі кездесуде. Кейбіреуіне туа салысымен жедел түрде ота жасауға тура келеді. Ал, кейбіреуін мүлде орнынан қозғауға болмайды. Облыста балалар хирургия орталығы болмағандықтан сыртқы ортаға қалыптаспаған шақалақтарды Жедел жәрдем көлігімен Алматы қаласына жеткізуге тура келеді. Осындай кезде алыс жолды балалар көтере алмаған жағдайлар жиі орын алып жататын. Жағдайды дәрігерлер облыс әкімі Амандық Баталовқа айтқан еді. Мәселенің өзектілігін еск...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 77 Уақыты: 14.12.2018

АРМАНЫМЫЗ АЗАТТЫҚ ЕДІ

Біздің ұрпақтың пешенесіне барша адамзатқа қайғы-қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өмірге келіп, Кеңестік дәуірдің ұраншыл қоғамында өмір сүру жазылған екен. Өткен күн – тарихтың еншісіне енген, бұзып-бөлшектеуге келмейтін уақыт өлшемі десек, біз сол уақыттың талабы бойынша әрекет жасап, тірлігімізді алып империяның ауқымында ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу жолындағы күреспен өткізгеніміз мәлім. Иә, ол кезде әлдебір мақсатыңа қол жеткізіп, еліңе септігіңді тигізу үшін компартияның мүшесі болуға міндетті болатынсың. Көпшілігіміз сол коммунистік идеяларға имандай сен...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 73 Уақыты: 14.12.2018

МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ (Хикаяттан үзінді)

...Арада қанша мезгіл өткені белгісіз, қыз санасына сәуле құйыла бастағаны сол еді, тұла бойына құлындай құлдыраңдап, тірлік оты жүгірген. Кірпігі қимылдады, ерні жыбырлап әлдене айтқандай да болды. Уһ деп, тағы бір ауа жұтып еді, тынысы ашылып, жан сарайы кеңіп қоя берген. Түн мейлінше қараңғы әрі суық еді. Соның да әсері болар, ол есін тез жинай бастады. Жан- жағына қанша түртінектеп қараса да, ештемені көре алмаған және ештеменің нобайын да ажырата алмаған. Арай енді оқыс қимылға көшіп, шұғыл қармана бастаған. Бетіне әлдене тигендей болды. Қос қолдап ұстай алып, байқап та көрген. Адам қолы...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 70 Уақыты: 14.12.2018

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Талдықорған қаласыныңоңтүстік-батыс ауданында12 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 479,7 млн. теңге қаржы жұмсалған нысанның құрылысы өткен жылдың шілдесінде басталған. Пәтер кілттерін тапсырған облыс әкімі Амандық Баталов: - Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!Биыл облыс орталығында 47,3 мың шаршы мерт тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылмен салыстырған бұл көрсеткіш 2,7 есеге көп. Қаламызда бүгінгі заманға сай, сәулетті, бірегей ғимараттар - Көрме орталығы, Салтанат сарайы, жақында ғана ашылған драма театрел игілігіне қызмет етуде. "Жастар" саябағы, Қаратал өзенінің жағалауы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 99 Уақыты: 14.12.2018

ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ЕРЛІК

Еліміздің өркендеуі жолында жазылуы тиіс тарихтың парағына Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың есімі алтын әріптермен жазылады. Өйткені дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, күллі әлемге Қазақстан атын танытқан жастардың ерлігі айтуға тұрарлық қадам. Осыған орай облыстық әкімдікте арнайы қабылдау өткізген облыс әкімі Амандық Баталов "желтоқсаншыларды" мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. – Құрметті желтоқсан оқиғасына қатысушылар! Еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнінің қарсаңында сіздермен жылдағы дәстүрлі кездесуде бас қосып отырмыз. Еліміз үшін армандардың...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 100 Уақыты: 13.12.2018