Жаңа дәуірге жол ашқан келісім

Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы өз ұрпағы үшін қауіпсіз және бейбіт болашақ қалыптастырды. Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Орта Азиядағы егемен ел әрі стратегиялық әріптес ретінде таниды. Ал осындай күннен-күнге экономикасы қарыштап дамып отырған тәуелсіз мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ қабылдау – Ақ үй басшысы үшін үлкен абырой. Мұндай жүректен шыққан шынайы да сыйласымды сөзді өзге емес, АҚШ Президенті Дональд ТРАМПТЫҢ өзі келтірді. Сейсенбіде екі ел басшылары кездесіп, күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді, атап айтқанда, сауда-саттық, инвестиция, терро...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 335 Уақыты: 18.01.2018

Қорғаста ауқымды істер атқарылуда

ҚР ҮкіметІ басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев Алтынкөл бекетіне келді. Вице-премьердің жанында облыс әкімі Амандық Баталов болды. Мұнда Үкімет басшысының орынбасарын “Қазақстан теміржолы” ұлттық компаниясы АҚ басшылары, жергілікті мемлекеттік билік өкілдері қарсы алды. Халықаралық үлкен жоба жұмысының жемісін көруге келген үкіметтік топ алдымен Халықаралық Алтынкөл теміржол бекетінің жұмысымен танысты. Теміржол бекетінің әкімшілік ғимаратында Үкімет басшысының орынбасарына Алтынкөл бекетінің басшысы Жандос Ұнтақбаев арнайы сызылған карта мен макет арқылы бекетте атқарылып жа...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 313 Уақыты: 18.01.2018

Тыныс алу аппаратын тарту етті

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында былтырғы жұмыстар қорытындыланып, биылғы жоспар таныстырылды. Қала әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ жетекшілік еткен жиын соңы шапағатты шараға айналды. ӨЙТКЕНІ АУРУХАНА ЕМДЕЛУШІЛЕРІНЕ тыныс алу аппараты тарту етілді. Жиында қала әкімінің орынбасары Марлен КӨЛБАЕВ ел денсаулығын нығайту басты міндет екендігін жеткізіп, былтырғы жұмыс жайында айтып өтті. Бүгінде облыс орталығында 950 дәрігер қызмет етеді. Оның 30 пайызы зейнеттегі және зейнет жасына жақындағандар. Марлен Қапашұлының айтуынша, қаладағы денсаулық сақтау мекемелері жыл сайын жас мамандармен толы...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 730 Уақыты: 18.01.2018

Жұртшылық талабы жол, жарық, тәртіп

Қарасай ауданының орталығы – Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінің жиынжайында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімінің ел алдындағы есебі өтті. Алқалы жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне қойылған «2017 жылғы Қаскелең қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы және 2018 жылғы міндеттер туралы» баяндама жасаған Қаскелең қаласының әк...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 357 Уақыты: 18.01.2018

Белсенділік танытты

Жастар ауылының тұрғындарымен болған кездесуде Н. Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Төлеген Мүсәпіров 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Соның ішінде Жастар ауылында атқарылған істер жайына тоқталды. – Ауыл әкімдері әр жылдың бірінші айында есеп береді. Бұл шара ауыл әкімдерінің сайлауы өткеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың қисынды жалғасы саналады, – деп есептік кездесудің маңыздылығына тоқталған ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды. &...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 327 Уақыты: 18.01.2018

Жамбыл жұртшылығымен жүздесті

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов ауданымыздағы іссапарын Қасымбек ауылында орналасқан «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС-дан бастады. Жарық-электр жабдықтарын және металл бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын халық қалаулысына кәсіпорын басшылары көрсетті. Зауытта жарықдиодты шамдардың 350-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі жарықтар бар. Сонымен қатар, ыңғайлы оқушы парталары, көшеге, саябақтарға арналған әдемі орындықтар, кеңсе сейфтері сияқты басқа да сапалы...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 286 Уақыты: 18.01.2018

"Байсерке-Агрода" болды

Жаңа жылды ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен танысудан бастаған халық қалаулыларының бірі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев еліміздегі маңдайалды шаруашылықтың бірі «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, іргелі кешеннің келісті жай-күйімен танысты. Іссапарда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев, Талғар аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаев та бірге жүрді. «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болаша...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 331 Уақыты: 18.01.2018

Қызылбастар еліндегі ереуіл

Биылғы Жаңа жылды жұртшылық мерекелік көңіл-күймен қатар әлемдік қауымдастықты елеңдеткен Ирандағы толқулар туралы жаңалықпен қарсы алды. Дәл мереке қарсаңында бастау алған дүрбелеңнің негізгі себебін халықаралық деңгейде түсіндірушілер құны күрт өскен бағадан көреді. Онда да қызылбастар елінің халқы алғашында электр қуатының, ауызсу мен жұмыртқа бағасының жедел өсуіне наразылық білдіргені рас. Алайда оңы мен солын енді тани бастаған жастардың наразылығы ендігі жерде басқаша сипат ала бастады. Соның кесірінен бірнеше күнге созылған бүліктен 20-дан астам адам қаза тауып, мыңдаған адам қамауға а...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 300 Уақыты: 18.01.2018

Ең үлкен марапат халықтың алғысы

Сот саласы – қашанда ауыр да күрделі, міндеті мен мақсаты үлкен бағыт. Осы жолда еңбек етіп, еліне адал қызмет көрсетіп жүргендерге халық өз бағасын берді. Осы орайда ел аузында жүрген Көксу аудандық сотының төрағасы Қайрат ИМАНХАНМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Өзі басқаратын ғимараттың тазалығына, ұқыптылығына есіктен кірген бетте тәнті болсақ, тәртіп пен ұстанымның да жоғары екендігін әр қызметкерінен байқауға болады. – Қайрат Мәметайұлы, әңгімемізді Көксу аудандық сотының төрағасы болып келген кезіңізден бастасақ. – Көксу аудандық сотының төрағасы болып қызмет істеп ж...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 696 Уақыты: 18.01.2018

Алдағы мақсат айқындалды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған өңірлік актив жиналысы болып өтті. Облыстық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының облыстық, Талдықорған қалалық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, қала тұрғындары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық, саяси ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан алқалы отырысты обл...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 411 Уақыты: 15.01.2018