Еңбекпен еленген әулет

Өмірге келген әрбір жан бойындағы бар мейірімі мен асыл қасиетін сарп етіп, жүрек қалауы­мен өзінің шағын мемлекетін құрып қана қоймай, болашақта ел сенімін ақтайтын алтын асықтай ұл мен қызды тәрбиелеуі тиіс. Ол тікелей ата-ана алдындағы негізгі міндет. Ал әрбір киелі шаңы­рақ­тың өзіне ғана тән қағи­да­лары мен ережелері бола­тыны бесене­ден белгілі. Өмірінің әр күні мен сағатын еліне арнаса да отбасы­ның амандығын, бірлігі мен ынтымағын өзіне артылған зор жауапкершілік пен сенім деп білетін біздің кейіпке­ріміз бұл тақырыпқа келгенде таңды таңға ұрып әңгі...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 565 Уақыты: 11.06.2016

Мәуленнің мәртебесі

Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет тәуелсіз мемлекет ретінде жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Төрткүл дүниенің теңдессіз спортшылары жиналған жарыста жасындай жарқырап, қасиетті Көк туымызды Америка көгінде жел­біреткен өрендеріміздің бірі әрі бірегейі еркін күрес өнерінің хас шебері Мәулен Мамыров еді. 1996 жылғы Атланта Олим­пиадасында Мәулен қола медальді мойнында жарқыратты. Одан бө­лек, қазақтың қайсар ұлы әр жыл­дары әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы атан­ды. Сондай-ақ басқа да көптеген ас...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 904 Уақыты: 11.06.2016

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

Қымбатты отандастар! Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында діннің атын жамылған бір топ террорист елдің тыныштығын бұзды. Ол туралы баршаңыз білесіздер. Бірақ, мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте қанды қылмыс жасағандардың арам ниеттері іске асқан жоқ. Құқық қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үлкен қатердің бетін қайтарды. Террористердің көпшілігінің көздері жойылды, бірқатары қолға түсті, қалғандарын тиісті органдар іздеп тауып, олар заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатын болады. Қазір халықтың алаңдауына ешбір негіз жоқ, жағдай толық бақылауға алы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 529 Уақыты: 09.06.2016

Қош келдің, Рамазан!

Әлемдерді ешбір кемшіліксіз жаратқан Аллаға сансыз ма­дақ жаудырған, «Құдайсыз құрай басы сынбайды», – деп тәмсілдеп өткен елміз. Тарих­қа бойласақ, қылышсыз ислам дінін қабылдаған халық екенімізді ұғынамыз. Еш қарсы­лықсыз құбылаға бет бұрсақ, ол Алаштың кемең­гер екендігін көрсе­теді. Сол ата дінімізді берік ұста­нып, сан ғасырдан бері шариғат жолын мінсіз бағдар етіп өмір кешіп келеміз. Сондықтан да мұсылман халық­тарының жыл он екі ай асыға күткен құлшылық айын «Қош келдің, Рамазан», – деп қарсы алғалы отырмыз. Жылдарға жылдар...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 939 Уақыты: 07.06.2016

Түйеқұстың өнімі мол

Кейінгі жылдары Қазақ­стандағы үлкен сауда орын­да­рында сатыла бас­таған түйеқұс етін жерлес­теріміз өндіріп отыр деген­нің өзі жүрекке жылы тиеді. «Көп естігеннен бір көрген артық» дегендей, Еңбек­шіқазақ ауданына барған сапары­мызда Әймен ауы­лын­дағы түйеқұс өсірумен айналы­сатын «Фауна» атты ферма­лық шаруашылыққа бас сұқтық. Басында Бекет­бай Дәуренқұлов ағамыз басқа­ратын шаруашы­лықтағы бойы 3 метрге жуық түйе­құстарды кезік­тіргенде сәл тіксініп қалға­нымыз анық. Өйткені тарихи түп-төркіні...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 1442 Уақыты: 07.06.2016

Жамағатқа жаңа мешіт

Жуырда Талғар ауданы, Гүлдала ауы­лы­ның тұрғын­дары көптен күткен қуаныш­тың куәсі болды. Ол мұсылман бауырларға арналған Алланың үйі – еңселі мешіттің ашы­луы еді. Жағымды жаңа­лықтан құлағдар болған халық­тың қарасы қалың. Жү­ре­гіне иман ұйытып, Алланың мейіріміне бөленген мұсылман қауымының нағыз мере­кесі екенін сезін­діреді. Өйткені, жарық та сәулетті етіп салынған үш қабатты ғи­ба­датханада 500-ден аса адам­ның жиылып, жайнамазға маң­дай тигізуіне мүмкіндік мол. Сал­та­натты шараны тіз­гін­деген таны&s...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 942 Уақыты: 07.06.2016

Мың бұрала биледі

Талдықорған қаласының «Атамекен» мей­рам­ханасында “Тәуелсіздік балы” өтті. Об­лыс­тық Жастар саясаты мәселелері басқар­ма­­сы­ның ұйымдастыруымен осымен үшінші мәр­­те қы­лықты қыздар мен ұлықты ұлдар мың бұ­ра­ла биледі. Егемендігіміздің 25 жыл­ды­ғына орай ұйым­дас­ты­рыл­ған бал­дың өзіндік ерек­шеліктері болды. Ша­раға арнайы ат басын бұрған об­лыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Өнербаев жастардың шы­ғар­машылығына табыс тілеп, келе­шекте де өнерлерімен там&...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 695 Уақыты: 07.06.2016

Министр есеп берді

Елбасының Жарлығына сай қоғамдық кеңес алдында орталық ат­қа­рушы органдар басшыларының 2016 жылға есеп беру кестесі бойынша ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев есеп берді. Астана төрінде онлайн режимінде өткен министрдің баяндамасын облыс әкімдігінің үлкен жиынжайында өңіріміздегі мемлекеттік ме­кемелер, қоғамдық ұйымдар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының өкіл­дері және экология саласының мамандары тыңдады. Ауқымды шарада екі мәселе қаралды. Алдымен Энергетика министрлігіне қарасты коми­тет­тердің өткен жылы атқарған жұмыстары...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 433 Уақыты: 07.06.2016

Жартастар аллеясы

Үш жүз миллион! Тәп-тәуір сандық көрсеткіш. Осындай алашағыңыз болса шақшадай басыңыздың бақыттан, бәлки, шыр-шыр айналары хақ. Бақыт ақшада емес десеңіз – оған да мақұл! Ал мұндай берешегіңіз болса, ол енді басқа әңгіме. Осылайша, қай қапталдан келсеңіз де үш жүз миллионның төрт тағандап жатқан көзге ерекше төбел сан екенін бағамдайсыз. Ал осы үлкен көрсеткішті жылмен қайырсаңыз –толағай тарих. Трапеция пішінді аңғардың тік, құлама қатпарларынан тасқа айналған сүйектерді тауып алуыңыз да кәдік емес. Бұл киелі Жетісудың жеті кереметінің, одан асып ұлан-ғайыр Ұлы Дала жауһарларының...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 1244 Уақыты: 04.06.2016

Бұйырғаны жалғыз ұпай

Футболдан премьер-лига ойындарының он төртінші туры өз мәресіне жетті. Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы өз алаңында Ақтөбенің «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бұған дейінгі ойындарда ала-құла өнер көрсеткен жерлестеріміз ақтөбеліктерге қарсы қарқынды ойын көрсетті. Турнир кестесінде іркес-тіркес келе жатқан екі команда жасыл алаңда аянып қалмады. Маусым басынан бері жеңілістің кермек дәмін көп тартқан «Жетісу» командасы жыл соңына дейін қалай өнер көрсетеді деген үміт басым. Оның үстіне шабуыл өтінде жүретін ойыншылар жарақат алып, ойынға араласпады. Соным...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 750 Уақыты: 04.06.2016