ҚАУІПСІЗДІК САРДАРЫ

Өткен шаққа көз жүгірткен сәтіңде міндетті түрде сол уақытта үзеңгілес, әріптес, замандас болған жақсы адамдар бірінші еске түседі. Солармен бірге өткерген керемет күндерің, жаны жайсаң адамдардың қалдырған әсері ойға оралады. Алғашқы таныстықтан бастап-ақ биік адамгершілігімен жадымызда жатталып қалған жандардың бірі – Амангелді ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. Менің ол кісімен таныстығым 1975 жылдың қаңтар айынан басталды. Бұл уақытта А. Құрманғалиев қауіпсіздік органының Талдықорған облысындағы басқармасында жедел уәкіл тобында жұмыс істеп жүрді. Кейін ол МҚК Текелі қалалық бөлімшесінде жедел у...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 35 Уақыты: 15.05.2018

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН КЕПІЛІ

Мамандық таңдау – жасөспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам өз өмірінде: «Мен қандай мамандық иесі боламын?» – деген сұрақтарға жауап іздейді. Үлкен өмірге қадам басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдаудағы ең үлкен артықшылық – оның заман талабына сай және өзекті болуында. Соңғы жылдары көптеген мамандық жойылып, нарықтың сұранысына байланысты жаңа мамандықтар пайда болуда. Бүгінде Қазақстандағы сұранысқа ие мамандар әр- түрлі салаларда шоғырланған. Дамушы нарықтық эконом...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 38 Уақыты: 15.05.2018

"АЛТЫН АДАМ" МЕКЕНІНДЕ

Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында көптеген мәдени шаралардың өтіп жатқаны белгілі. Соның бірі – Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылды. Талдықорғаннан келген қонақтарды аудан басшылығы және жергілікті оқырмандар жылы шыраймен қарсы алды. Кездесу Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектепте өтті. Жиналысты ашып, жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев облыстық газеттердің мәні аудан халқы үшін ерекше екенін нақты мысалдарға сүйене отырып атап көрсетті. Өңірдегі жағымды жаңалықтар, жақсы...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 30 Уақыты: 15.05.2018

АКАДЕМИЯЛЫҚ ХОР ТЕКЕЛІДЕ

Текелі қаласының Мәдениет үйінде Бірлік пен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған облыстық ардагерлер академиялық хорының концерті болды. Бұрынғы Талдықорған әжелер ансамблінің негізінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, орынбасары Райхан Сергазинова қолға алған хорға облыс әкімі Амандық Баталов қолдау көрсетуде. Ардагерлер академиясының мақсаты – қарттардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу. Концерттік бағдарлама шымылдығы «Туған ел», «Дубосеково зиратында» әндерімен ашылды....
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 29 Уақыты: 15.05.2018

ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!

Тал бесік пен жер бесіктің арасында тірлік кешкен саналы жаратылыс үшін құлшылықтың маңызы зор екендігі Ислам жазбаларында айшықты бедерленген. Мұны о баста дәстүрлі өмір салтына сіңісті қылып жіберген нәсілі асыл ел шариғи шарттарға сай амалдар жасап, қасиетті Құран жазбасына лайықты әр таңын атырып келе жатқандығын бабалардың ойдым-ойдым ой-толғамы мен жырына жалау еткен тәмсілдерден толық аңғарамыз. Сондықтан да болар, жаратушы хақтың күллі әлемге рахым нұрын төгер Рамазан айының жыл айналып келіп жеткеніне шынайы қуанып «Қош келдің, Рамазан!», – деп қарсы алғалы отырмыз....
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 34 Уақыты: 15.05.2018

АУЫЛДАҒЫ ТОЙ

Балқаш ауданына қарасты Бірлік ауылының іргетасы қаланғанына 50 жыл толуына орай арнайы шаралар ұйымдастырылды. Ауылға кіреберіс алаңқайға ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, қуаныш кең көлемде тойланды. Осыдан 50 жыл бұрын Октябрь революциясының 50 жылдық мерейтойына орай құрылып, сол ретпен аталған шаруашылық еңбектің қара қазанын қайнатып, аудандағы алдыңғы қатардағы шаруашылықтардың бірі атанды. Алғашқы жылдары бау-бақша, картоп өсірумен айналысқан кеңшар 1969 жылы 500 гектар суармалы жерге күріш дақылын егіп, гектарынан 22 центнерден өнім алды. Осылайша уақыт өте келе күріш дақылын өс...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 32 Уақыты: 15.05.2018

ОБЛЫСТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Облыста атқарылып жатқан жұ- мыстарға оң баға беремін. Облыс әкімі Амандық Баталов менің берген тапсыр- маларымның барлығын орындады. Соңғы 3 жылда аймақта 3 млн. шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Облыста бұрын қант қызылшасы, жүгері өсірілетін. Осыларды қалпына келтір деп тапсырма берген едім. Бүгінде қант қызылшасының алқабы жыл санап кеңейіп келеді. Тәтті түбірді қайта өңдеуден өткізетін кәсіпорындар да іске қосылды. ...Газдандыру қарқын алып келеді. Бүгінгі таңда газ желісі көптеген елді мекендерге таратылған. Әлеуметтік саладағы жаңалықтарға қуандым. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 54 Уақыты: 14.05.2018

ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Тіл, дін, дәстүр, тарих және атамекен. Осы бес құндылықты көзінің қарашығындай сақтап, бойтұмары еткен болашақ ұрпақ бағзы бабалар аманатынан адаспаса керек. Баға жетпес бес рухани байлыққа «Бес анық» деп ат қойып, айдар тағыпты ұлт ұстазы. Өз ұлтын, қала берді өз-өзін тереңірек танығысы келген адам алдымен Мұхтар АРЫННЫҢ (фотосы ғаламтордан алынды) тәрбие туралы толғамдарын бір төңкеріп, оқып шыққаны жөн-ақ. Кешегі кеңес кезінде Алаш азаматтарын ардақтаудан тайсалмай, қазақ тілінің тағдырына алаңдаушылық білдірген, егемендіктің алғашқы жылдарында ұлт мүддесін қорғайтын жүйелі заң...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 330 Уақыты: 13.05.2018

ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ТҰЛПАРЛАР ТАРТЫСЫ

Талдықорған қаласы атшабарында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтті. Додаға спорттың бес түрінен 100-ге жуық жүйрік қатысты. Бәйге басталар алдындағы алғашқы сөз кезегін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев алып, жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Тұлпар туар құлынды желісінен танитын халықтың ұрпағы болғандықтан, дүлдүлдердің шабысын тамашалауға келген көрерменнің қарасы жетіп артылады. Ұлы Дала төсінің шаңын көтеріп, тақымы тайға жабысқан шаба...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 48 Уақыты: 12.05.2018

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН АЗАМАТ

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қалыптасқан дәстүр бойынша құрметті ардагерлерді мерейтой қарсаңында құттықтайды. Биылғы мерейтой иелерінің қатарында Төлеген ЕЛЕУСІЗОВТІ ерекше атап өткіміз келеді. Отставкадағы подполковник бір кездегі Талдықорған облысынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты. Төлеген Сәдуұлы 1938 жылдың 12 мамырында дүниеге келді. Кіндік қаны тамған жері – сол кездегі Талдықорған ауданы, Победа ауылы. Қарапайым ұжымшар еңбеккерлерінің отбасында тәрбиеленді. Әкесі Сәду ақсақал Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Отан үшін от кешкен сұрапыл жылдарда...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 42 Уақыты: 12.05.2018