Үмітті ақтады

Талдықорғандағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі түрлі жарыстарға барып олжамен оралды. Осыған орай жүлделі орын алған балалар спорт мектебінде марапатталды. Еркін күрес. Шымкентте 1998-2000 жылғы жасөспірімдер арасында еркін күрестен генерал С. Рахимовты еске алуға арналған XXII халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған Еркебұлан Алшыбаев 84 келі салмақта, Алинұр Сәбетжан 84 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Армрестлинг. Таразда армрестлингтен ашық Азия Кубогында Сәкен Орманқұлов 52, Әлібек Жанұзақов 52, Евгений Музалевский 57, Евгения Телятникова +70, Ди...
Толығырақ... Санат: СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ Оқылды: 15 Уақыты: 09.12.2017

Анам бізді адалдыққа баулыды

Қапипа Қошмұхамбетқызы 1922 жылы мамыр айында Қаратал ауданы Үштөбе қаласының маңындағы Қарашеңгел-Ақиық қыстауында дүниеге келген. Руы – Жалайыр. Оның ішінде Кәлпе. Әкесі Қошмұхамбет Шалұлы Кәлпенің соңғы болысы. Өз заманының білімді азаматы. Ол ауылдастарының арасында адалдығымен және даулы мәселелерді шешудегі әділдігімен ерекшеленген. Осы қасиетімен елге сыйлы еді. Кеңестік билікке дейін адамдар Қаратал өзенінің жағасында егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданды. Қошмұхамбет Шалұлы 1931 жылы репрессияға ұшырап, Қарағанды қаласындағы лагерь, одан «Беломор» каналының...
Толығырақ... Санат: ӘРБIР СӘТТЕ БIР СЫР БАР Оқылды: 9 Уақыты: 09.12.2017

Мерейі үстем

Ел ертеңі болар жастарға кәсіптік білім берудің маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді. Сол себепті, болашақ кәсіп иелері білім алатын мекемелердің оқу-тәрбие үрдісін дамыту мен жетілдіру, шығармашылығын шыңдаумен қатар озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы» атты облыстық байқауы өтті. Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан шараға Талғар политехникалық колледжі де белсене қатысып, бақтарын сынға салды. Екі кезеңнен тұратын байқау барысында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Бейсембаева техникалық және кәсіптік білім б...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 7 Уақыты: 09.12.2017

Ел еркесі елуде

Белгілі айтыскер ақын, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ермек Жұматаевтың аудандық Мәдениет үйінде өткен шығармашылық кеші осылай аталды. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ арнайы құттықтауы мен Құрмет грамотасын ақынға салтанатты жағдайда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев тапсырды. Шараға жиналған көрермен алдымен ақын өлеңдерінің негізінде әзірленген сахналық композицияны тамашалады. Қазақтың бағзыдан келе жатқан айтыс өнерін, оның ішінде Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай мен жыр алыбы Жамбыл салған сара жолды өткен ғасырдың...
Толығырақ... Санат: МӘДЕНИЕТ Оқылды: 16 Уақыты: 09.12.2017

Жаңа жобалар іске қосылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты ұлттық телекөпір өтті. Онлайн режимінде ұйымдастырылған шара аясында елдің әр аймағында жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық және агроөнеркәсіптік жобалардың тұсауы кесілді. Елбасы телекөпір кезінде нысандардағы өндірісті іске қосуға рұқсат беріп, ақжол тіледі. Аталған жобалардың екеуі Алматы облысында. Соның бірі Қарасай ауданының Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұханбет ауылының жанынан бой көтерген «Қарасай машина жасау зуыты»....
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 43 Уақыты: 07.12.2017

Құқық қорғау орталығы ашылды

Қарапайым халықтың құқықтық қажеттілігін өтеуді мақсат еткен облыстық прокуратураның бастамасымен Құқық қорғау қызметі орталығы ашылды. Жұртшылықтың прокуратура, ішкі істер департаменті, сотталғандарға қолдау көрсету қызметі, адвокатура, медиация сынды қызметтерді бір жерден алып, уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, облыс прокуроры Азамат ЖЫЛҚЫБАЕВ қатысып, әлеуметтік маңызы зор нысанның лентасын қиды. Салтанатты шарада сөз алған өңір басшысы: – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзінші қадамын іске асыру шеңберінде...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 36 Уақыты: 07.12.2017

Қоныстойларын тойлады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында 20 жалгерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Осыған орай, Балқаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жалгерлік тұрғын үйлердің ашылу салтанаты болып өтті. 50 құрылысшы мен бір арнайы техника жұмылдырылған тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын мердігерлік ұйым – «Асан М» компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді (директоры Жақсылық Мақұлов). Осы үйлердің коммуникациялық жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына о...
Толығырақ... Санат: ЖАНСАРАЙ Оқылды: 34 Уақыты: 07.12.2017

Қызылшашылар мерейі үстем

Бүгінде Қаратал ауданында қызылша жинау жұмыстары өз мәресіне жеткен. Жыл өткен сайын егістіктен алынатын өнім көлемі артып, диқандар бейнетті еңбегінің зейнетін көруде. Әсіресе, қант қызылшасын өсірген ауыл еңбеккерлерінің мерейі үстем. Биыл аудан бойынша 1100 гектар жерге тәтті түбір егілген болатын. Диқандар көктемде еккен егінін күтіп-баптап, ала жаздай бел жазбай еңбек етті. Шүкір, еселі еңбек еш кеткен жоқ. Шүмектеп аққан маңдай тердің өтеуін биыл алынған мол өнімнен байқауға болады. Нақтырақ айтсақ, ауданда 41 мың тонна өнім жиналып, гектар берекелігі 388 центнерден айналды. Балтамыр...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 32 Уақыты: 07.12.2017

Жастар мәселесі көтерілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлімдері және облыстық филиал басшыларының қатысуымен селекторлық тәртіпте жиын өткізді. Жиынға Алматы облысынан өңір басшысының орынбасары Жақсылық Омар, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетов және «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Бахтияр Жақсыкелдинов қатысты. Басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Саяси кеңест...
Толығырақ... Санат: ӘЛЕУМЕТ Оқылды: 32 Уақыты: 07.12.2017

Әйелдер кәсіпкерлігі өрістеп келеді

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменова және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко Текелі қаласындағы екі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қонақтарды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев қарсы алды. Алдымен қонақтар қаладағы іргелі өндіріс орындарының бірі саналатын «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» акционерлік қоғамының тыныс-тіршілігімен танысты. Айнұр Сүлейменова басшылық ететін кәсіпорын еңбеккерлері аталмыш зауыттың жан-жақты...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 36 Уақыты: 07.12.2017